Түркістанда «Бұраң бел» би байқауы өтті

0
769

Байқауды Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Қазығұрт ауданы әкімдігі ұйымдастырды.


Түркістанда «Бұраң бел» би байқауы өтті

Түркістан қаласында «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі аясында «Конгресс Холл» концерт залында «Бұраң бел» облыстық би байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Байқаудың ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйлеп, өңірде мәдениет пен өнерге қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.


Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалінің маңызына тоқталып, жас таланттар танылып жатқанын атап өтті. Сайысқа ҚР Мәдениет қайтаркері Қазақстанның үздік хореографы, қазылар алқасының төрағасы Айболат Орынбай, Мәдениет саласының үздігі «Яссы» би ансамблінің жетекшісі Қуат Таукеев, «Фараб» би ансамблінің жетекшісі Марианна Шаликашвили, «Жұлдыздар» халықтық би ұжымының жетекшісі Жаннат Балтаева және халықаралық би байқауларының лауреаты Жангүл Ерсұлтанова қазылық етті.


Қазылардың шешімімен «Бұраң бел» байқауында бақ сынаған 17 би ұжымының арасында Қазығұрт ауданының «Таңшолпан» би тобы гран-приді иеленді. 1-орынды Жетісай ауданы «Аяна» би тобы жеңіп алса, 2-орын Арыс қаласының «Алтынай» би тобына бұйырды. Үшінші орындарға Қазығұрт ауданының «Балауса» және Кентау қаласының «Рапсодия» би ұжымдары лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және ақшалай сыйлық тапсырылды.