Жергілікті тұрғындар бұл маңда мола болғанын айтады.
фото:видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Яссауи кесенесі маңында қазан шұңқыр қазып жатып, жерден бірнеше метр тереңдіктен мүрделер табылды, деп хабарлайды ktk.kz.
Бұл маңда Қызылорда облысы әкімдігінің тапсырысымен Шығыс моншасын салуға кірісіп жатқан құрылысшылар бастапқыда абдырап қалған. Бірақ соған қарамастан жұмысты жалғастыра берген.
«Әзірет Сұлтан» музейі директорының орынбасары Бақытжан Нұрханов көне шаһардың тарихи бөлігінде құрылыс басталмай тұрып-ақ, жер қазуға археологтардың бас-көз болу керектігін ескерткенін айтады. Бірақ құрылысшылар бұған құлақ аспапты. Мамандар заң бойынша, сүйек табылған жағдайда жұмыс тоқтатылуы тиіс екенін алға тартуда. Археологтарды маңына жолатпаған құрылыс компаниясы сүйекті бермей қойған. Ал жергілікті тұрғындар бұл маңда мола болғанын айтады.
Сунатулла Халықбердиев, Түркістан қаласының тұрғыны: - Әсілі бұл жердің бәрі мола болған. Әзірет Сұлтан бабаның алдына бәрі әкеп көміп, мола қыла берген, жайылып кеткен мола. Шыққан кезде ақ орамалға орап, мешіт имамына әкеліп, құран оқытып, қайта көму керек.