Түркістанда муралдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

0
69

Конкурс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы көпір алаңдарында ұйымдастырылды.


Түркістанда муралдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан қаласының келбетін көркейткен суретшілер марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Қабанбай батыр» ескерткіші аумағындағы қабырғаға салынған муралдар байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.


Іс-шара барысында қала басшысы суретшілердің еңбегін жоғары бағалап, олардың шығармашылығы Түркістанның тарихи және мәдени келбетін жаңа қырынан танытып, шаһардың сәулеттік болмысына ерекше сән бергенін атап өтті.


Конкурс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы көпір алаңдарында ұйымдастырылды.


Байқаудың басты мақсаты — Түркістан қаласының тарихи-мәдени болмысын, рухани келбетін және ұлттық нақышын көркем бейнелеу арқылы қаланың эстетикалық келбетін арттыру, заманауи көркемдік бағыттағы мәдени жобаларды дамыту.


Байқауға кәсіби суретшілер мен әуесқой қылқалам шеберлері қатысып, барлығы онға жуық үміткер өз жұмыстарын ұсынды.


Бағалау қорытындысы бойынша І орынға Ташимбетов Хусан, ІІ орынға Шериев Қанат, ІІІ орынға Төрехан Абылайхан Қанатұлы лайық деп танылды. Байқау жеңімпаздарына сәйкесінше 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық, iPhone және бағалы сыйлықтар табысталды.

Бөлісу