Жоба аясында өткізілген 4 аймақтық семинарлар қорытындыланды.
Түркістанда ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған жобаның қорытынды жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Жалпы ұлттық құндылықтар - ел дамуы» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Жиын «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Шарада жоба аясында өткізілген 4 аймақтық семинарлар қорытындыланды.
Жалпы іс-шара түрлі саланың мамандарының пікірін ортаға салып, ұлттық құндылықтар бағытында жұмыстарды жүйелеуге бағытталған. Сондай-ақ, шарада ұлттық құндылықтар – елді біріктіретін, ұлтты ұйыстыратын күш екендігі айтылды. Кездесу соңында жобаға белсенді атсалысқан азаматтар марапатталды.