Автовокзал тәулігіне 10 мың жолаушыға қызмет етеді.
Түркістан қаласында 3 гектар жерге автовокзал салынатын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласынан жаңа автобекеттер салу бойынша Шымкент бағытында жеке инвестиция есебінен 3 гектар аумаққа тәулігіне 10 мың жолаушыға (600 автобус) қызмет көрсете алатын жаңа автобекеттің құрылысы жүргізілетін болады. Қызылорда бағыты бойынша қазіргі таңда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы жаңа автовокзалдың орнын анықтау үстінде. Жаңа автовокзал салуға инвесторлар ниет білдіруде.
дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі