Түркістанда жеке кәсіпкерлер есебінен жаңа нысандар салынып жатыр

0
562

Тұрғын үй кешені мен коттеджді қалашық, заманауи қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр.


Түркістанда жеке кәсіпкерлер есебінен жаңа нысандар салынып жатыр

Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында ондаған жаңа нысандар бой көтеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел аузында «жаңа қала» атанып кеткен Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында жеке ірі кәсіпкерлер есебінен ондаған жаңа нысандар бой көтеруде. Бүгінде бірнеше тұрғын үй кешені мен коттеджді қалашық, заманауи қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ жаңа ғимараттар мен кеңселер бой көтеріп, сауда, ойын-сауық орталығы салынады. 1 500 гектарға жуық аумақты қамтитын Әкімшілік-іскерлік орталықтағы жаңа ғимараттар тек заманауи үлгіде салынып жатыр.


Онда Түркістан облыстық адвокаттар коллегиясы мен облыстық нотариалды палата ғимараттары орналасады. Сонымен қатар инвестиция-лық жобалар арасында бірнеше бизнес орталықтар, «Шахмат орталығы», мейрамханалар желісі, медициналық орталық, стоматология орталығы, коммерциялық ғимараттар мен ағаш көшеттерін өсіретін жылыжай ке-шенінің (питомник) құрылысы жоспарланған.


Рухани қалада жүзеге асып жатқан ірі жобалардың бірі – Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан жаңа нысандардың жұмысын қадағалап, көзбен көрген облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа нысандарды аралап, ғимараттардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен танысты.


Шаһардың климатын ескере отырып, қала сыртында көгалдандырудың үздіксіз жүйесін және Сырдария өзенінің табиғи өсімдіктер дүниесімен қосылуды қамтамасыз ететін жасыл белдеуді қалыптастырылған. Көгалдандырудың жалпы ауданы 13 мың гектарды құрайды. Жасыл алқап Түркістанның табиғи тынысына айналып, нәтижесінде, ауа тазарып, қала шаң мен желді дауылдан қорғалады деп күтілуде. Түркістан қаласында бүгінде 400 гектар жерге жайғасқан 11 саябақ, 5 жасыл аймақ, 25 аллея мен гүлзар бар. Әр саябақ креативті әрі ерекше, қайталанбас үлгіде салынған.


Мәселен, жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағында» сыйымдылығы 100 текше метр болатын жасанды арал пайда болды. Ол үшін су ұңғымасы мен резервуар салынған. 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып, жолдар төселді. Саттарханов көшесінің бойындағы «Желілік саябақтың» да жер көлемі 20 гектардан асады. Саябақта 5 мыңға жуық ағаш, 25 мыңға жуық жасыл бұта егіліп, жасанды тоған орнатылған.