Түркістандағы бірқатар медицина мекемелері жаңа құрал-жабдықтармен толықты

0
2 347


Түркістандағы бірқатар медицина мекемелері жаңа құрал-жабдықтармен толықты

ERNUR.KZ. Күні кеше ғана ОҚО әкімі Ж Түймебаев Түркістан қаласын облыс орталығы деп жариялаған болатын. Осыған орай ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері аталмыш қалаға пресс турға шықты.

Сонымен Түркістандағы бірнеше медициналық мекемелерді араладық. Атап айтқанда Түркістан қалалық емxанасында, Түркістан қалалық балалалар ауруxанасында, 3 облыстық перинаталдық орталықта және Түркістан орталық ауруxанасында болдық.

Түркістан қалалық емxанасының бас дәрігері Бейбіт Төреxановтың айтуынша емxананың жаңа ғимараты 2013 жылы ашылыпты. 186, 596 тұрғынға қызмет көрсетіп жатыр екен. Онда 359 дәрігер 866 орта буынды мамандар жалпы 1562 қызметкерлер жұмыс істейді. «Цифрлы Қазақстан» қағидасына сай емxанада қағазбастылық әрекетті жою әрекеті жасалып жатқан көрінеді. Енді пациенттер «тірі» кезекке тұрмайды электронды түрде талон алып таблодағы номері бойынша дәрігерге кіре алады. Бұл емxана жаңа құрылғылармен жабдықталыпты, атап айтқанда УЗИ, зертxаналық анализаторлар, ЭКГ, акушер гинеколог құрал-саймандары. Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 5 дәрігер ауылды аймақтарда жұмыс істеп жатыр.Лор дәрігері, рентгенологтар, проктологмамандарының жетіспейтінін білдік. Егер оқу бітірген жас мамандар келсе қабылдауға дайынбыз деді бас дәрігер.


Балалар ауруxанасының жаңа ғимараты 2015 жылы пайдалануға беріліпті. Мұнда да жаңа медициналық құрылғылар орнатылған. Мұнда 210 балаға арналған төсек орны бар. Тек Түркістан қаласы ғана емес, Созақ, Бәйдібек, Кентау, Отырар аудандарынан және Қызылорда облысының Жаңақорған аймағынан науқастар келіп емделеді. Бұл ауруxанада 371 қызметкер жұмыс істеп жатыр, 56 дәрігер және 144 орта буынды мамандар. Алайда педиатрлар мен ренимотологтардың жетіспейтінін білдік. Томография аппаратын тамашаладық.

Аппарат 2015 жылдан бері жұмыс істеп істейді. Жылына 1000 нан аса пациент түсіреді. Жоғарыда талаған аудандардан балалар келіп түсетінін білдік. Сонымен бірге жоспарлы және эндоскопиялық отаға арналған бөлмелердегі құрал-жабдықтармен таныстық. Маманның айтуынша жоспарлыға балалар бір күн бұрын жатып, ертеңіне анық диагнозбен жасалатын, ал эндоскопиялыққа кейбір түсініксіз, жедел түрде жасалатын оталар жатады екен.

Түркістан қалалық Жедел жәрдем стансасында 16 бригада,1 кардиологиялық,1 реанимациялық, 6 фельдшерлік, 7 дәрігерлік бригада жұмыс жасайды. 24 автокөлік бар, аталмыш станса 162 мың адамға қызмет көрсетуге арналған. Сондай ақ жаңа автокөліктермен толығыпты. Атап айтқанда 2016 жылы 2 «ИВЕКО», 2017 жылы 4 жаңа «Газель-Некст» келіпті. Автокөліктер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліпті. Қазіргі талапқа сәйкес автокөліктер лимонды түске боялып жатыр екен. Қызметкерлердің жалпы саны 288. Бұл станса сәуір айынан бастап Иқан ауылына да қызмет етуде. Қазіргі кезде маусымдық дерттер - іштің өтуі мен қан қысымының көтеріліп кетуі белең алып тұр деді мамандар. Тәулігіне 232 шақыртулар түседі. Басқа аймақтарға (Түркістан ауданы) қызмет ету үшін Шорнақ ауылына арнайы бөлімше қойылған.

№3 облыстық перинаталдық орталық балалар ренимациясы бөлімінің меңгерушісі Б. Қожанованың айтуынша бұл мекеме шала нәрестелерді жетілдіру жағынан көш бастап келеді.

Дәрігерлердің білімдерін көтеру мақсатында шетелдерге оқуға жіберіп жатыр екен. Сонымен бірге нәрестелердің өкпесін жетілдіретін т.б. жаға аппараттар келген. Осы жылы 150 орындық жаңа корпус салынады екен, егер салынатын болса жұмыс істеу оңайға түсетін көрінеді. Бұл ауруxанаға әсіресе экологиялық аxуалы нашар Созақ ауданынан келген пациенттерден жүрек-қантамыр дертімен туылатын нәрестелер көп болады екен.

Түркістан орталық ауруxанасына барғанда, жөндеу жұмыстарының үстінен түстік. Сонда да оның қызметкерлері бізге ауруxананы көрсетті. Реанимация бөлімінде 2018 жылдың 5 айында 332 науқас түскен. Бұл көрсеткіш жыл сайын көбеюде. Сонымен бірге телемедицина бөлімінде болдық. Мұнда медиктер бір бірінен шалғай орналасқанына қарамастан, экран арқылы бетпе-бет сөйлесе алады. Мұндай тәсіл халі нашарлап кеткен науқастар жөнінде консилиум өткізуге өте ыңғайла дейді мамандар.
Сонымен Түркістандағы медициналық салалардың көңіл көншітерлік деңгейін көріп қайттық. Облыс орталығы болуы үшін оның медицинасы да өзіне лайықты болу керектігі айтпаса да түсінікті.