Түркістандық әкім: Тұрғындар мәселесі назардан тыс қалмау керек

0
629

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет".


Түркістандық әкім: Тұрғындар мәселесі назардан тыс қалмау керек

Түркістандық әкім әр тұрғынның мәселесіне бейжай қарамауды тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте өткен жылдың қорытындысымен аудан әкімінің халық алдындағы есебінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысымен қатар, 2020 жылға жоспарланған аудан аумағындағы абаттандыру жұмыстарының сапасымен ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне аудан бюджетінің игерілу барысы туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты басшылардың баяндамасын тыңдап шыққан аудан әкімі өткен жылғы аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есебіндегі әр бір мәселе назардан тыс қалмай заң аясында белгіленген мерзімде орындалуы қажеттігін қатаң ескертіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру баршамыздың басты міндетіміз екенін атап өтті. Ал, облыстық және республикалық деңгейде шешілетін мәселелер бойынша тиісті облыстық басқармаларға хат жолдап, нақты жауап алу қажеттігін ескерді.

Соңғы екі жыл көлемінде аудан аумағындағы елді мекендердегі абаттандыру жұмыстары жүрген нысандардың кемшіліктері бойынша тиісті округ әкімдеріне ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, салық түсімдерін жинау және InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу бойынша көрсеткіші төмен ауылдық округ, кент әкімдерін сынға алып, жұмысты жеделдету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, округ, кент әкімдеріне алдағы күз және қыс мезгілдеріндегі орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында округ аумағындағы қауіпті аймақтарды зерделеп, қазірден бастап тиісті шараларды іске асыруды тапсырды.