Түркістандық бақташылар қорадағы малды ұрлап, сатып жіберген

0
795

Ақшасын бас пайдаларының қажеттіліктеріне жұмсаған.


Түркістандық бақташылар қорадағы малды ұрлап, сатып жіберген

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлаған екі бақташыны ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, өзінің жайылымдағы қорасынан түнгі сағат 23:00 шамасында белгісіз азамат 1 бас қойын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Сосын, аталған оқиғаға байланысты Ордабасы АПБ КПБ-ның қызметкерлері қылмыс орын алған аумақта жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде күдікті ретінде 2 азамат анықталып, олар сол аймақта бақташы болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғындар болып шыққан. Қазіргі таңда осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті екі азамат алдынала өзара сөз байласқан. Осылайша екеуі жайылымдағы қораның есігін бұзып іріп, шамалары келген бір бас қойды алып шыққан. Содан соң оны бірден мал сататын базарлардың біріне алып барып, 18 000 теңгеге сатып жіберген. Ал, ақшасын бас пайдаларының қажеттіліктеріне жұмсаған.