300-ден астам ауылдағы бюджеттік сала мамандары қызметтік пәтермен қамтылмақ.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысына қарасты Кентау қаласына қарасты ауылдарда үшқызметтік тұрғын үй падалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ескі Иқан және Шаға ауылдық округтерінде болып, жаңадан бой көтерген қызметтік тұрғын үйдің салтанатты ашылуына қатысты. Екі қабатты тұрғын үйде 10 пәтер бар.
Ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы ауылдағы мамандарды тұрғын үймен қамту мақсатында облыста арнайы бағдарлама жасалғандығын жеткізді. Мұғалімдер мен дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және өзге де бюджеттік қызметкерлерге пәтер кілттерін табыс етіп, қуаныштарына ортақтасты.
Айнұр Абдукаримова ауылдағы балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқарады. Көп балалы ана көптеген жылдар бойы пәтер жалдап күнелткен. Қызметтік пәтерге ие болған ол шара барысында Елбасы мен облыс басшылығына үлкен риазшылығын жеткізді.
Ауылды жерлердегі мамандарды қолдау мақсатында типтік үлгідегі баспаналар салу жөніндегі облыс әкімінің тапсырмасы негізінде 300-ден астам ауылдағы бюджеттік сала мамандарын қызметтік пәтермен қамту ісі жоспарланып отыр.