Түркістандық боксшылар – Қазақстан чемпионатының көшбасшысы

0
71

Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірлерінен жиналған ең үздік спортшылар қатысып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.


Түркістандық боксшылар – Қазақстан чемпионатының көшбасшысы

Түркістан облысының боксшылары – Қазақстан чемпионатының көшбасшысы, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Абай облысы, Семей қаласында бокстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірлерінен жиналған ең үздік спортшылар қатысып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.


Бұл байрақты бәсекеде Түркістан облысының құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Ерлер арасында қоржынға 3 алтын, 3 қола түссе, әйелдер арасында 1 алтын мен 1 күміс бұйырды.

Бөлісу