Түркістандық боксшылар «Странджа кубогынан» 3 жүлде еншіледі

0
606

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлде ұтып алды.


Түркістандық боксшылар «Странджа кубогынан» 3 жүлде еншіледі

Түркістандық боксшылар «кіші әлем чемпионатынан» жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Болгарияда бокстан «кіші әлем чемпионаты» деп бағаланатын «Странджа кубогы» өтті. Халықаралық додада Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер құрамасы қатысып, 4 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлде еншіледі. Үш медальді ұлттық құрама сапында бақ сынаған Түркістан облысының өрендері жеңіп алды.


Атап өтсек, 86 келіде шаршы алаңда ел намысын қорғаған Тоғанбай Сағындық алтын медаль иеленіп, жеңімпаз атанды. Болашағынан үміт күттіретін бұл спортшының қадамын мамандар жоғары бағалап отыр. 92 келі салмақта жұдырықтасқан Абзал Құттыбеков қола жүлдегер атанса, ауыр салмақта, яғни, +92 келіде Нұрлан Сапарбай да үшінші орынға ие болды. Бұл жеңіске Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, елімізге танымал бапкер Мырзағали Айтжанов айрықша үлес қосты.


«Странджа-2022» бокс додасына əр құрлық бойынша үздіктер бақ сынасты. Атап айтсақ, жарысқа 40-қа жуық елдің 300-ден астам боксшысы қатысты.