​Түркістандық бүлдіршін «Дарынды бала» жобасына қатысты

0
2 320

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек», - деген еді.


​Түркістандық бүлдіршін «Дарынды бала» жобасына қатысты

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының кішкентай жас дарын иесі Қасымхан Исаханов жақында дарынды балаларға арналған телевизиялық жобаға қатысып қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Астана қаласында өткен «Балапан» арнасындағы «Дара бала» атты дарынды балаларға арналған, белгілі журналист Дана Нұржігіт жүргізген телевизиялық жобада Қасымхан Исаханов өзінің ерекшелігімен танылды.

Қасымхан Исаханов Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысы. Анасы Қарлығаш Кесикбаева мен әкесі Әбілқайыр Сыздықов өнегелі отбасы иелері. Кішкентай күнінен ертегі, көркем әңгімелерді тыңдап өскен Қасымханның тәрбиесіне атасы мен әжесінің де қосқан үлесі зор. Осы орайда Қасымхан оқитын Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің директоры Базарқұл Мырзақұлов пен алғашқы ұстазы Айғаным Мұсаеваның да еңбегін атап өткен жөн.

Ал, жас дарынның шығармашылығын шыңдап, өнер әлемінде жетелеген қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Бекарыс Шойбеков пен орталықтың ұжымы. Қасымхан сабақтан тыс уақытында қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының «көркем сөз» үйірмесіне қатысады. Мектепте білім нәрімен қаруланған баланың одан әрі жетілуіне, қосымша білім алып, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық шыңға жетуінде үйірменің үлесі мол. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында Қасымхан Исаханов «Өнер» мектебінің «ақындар» үйірмесінің бірінші сыныбына қабылданды. Ақындық өнеріне баулып жатқан ұстазы Тұрар Тілеулиев Қасымханның болашағынан зор үміт күтеді.