Түркістандық дәрігерлер 7 жасар баланың бауырындағы құртты тазалады

0
385

Бір уыс құрт щыққан.


Түркістандық дәрігерлер 7 жасар баланың бауырындағы құртты тазалады

Түркістандық дәрігерлер 7 жастағы баланың бауырынан бір уыс құртты алып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасап, 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты. Биылғы 10 мамыр күні науқас бала Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылған.


Облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары пациентті рентген, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған. Білікті мамандар ота алдында екі күн науқасты дайындап, бақылап отырған.


13 мамыр күні аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасады. Операция кезінде бауыр тұсынан 15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шыққан.


Бала 18 мамыр күні ауруханадан үйіне жіберілді. Қазіргі таңда жағдайы жақсы. Мамандардың айтуынша, аталмыш ауру ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді.