Түркістандық дәрігерлер әріптестерін еске алу турнирін өткізді

0
683

Кіші футбол турниріне 16 команда қатысты.


Түркістандық дәрігерлер әріптестерін еске алу турнирін өткізді

Жетісай аудандық ауруханасының бастамасымен өмірден өткен дәрігерлердің құрметіне арналған жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Жетісай аудандық ауруханасының бастамасымен әлем халқын әбігерге салып, адамзат баласының жүрегіне үрей ұялатқан аты жаман індет – covid19 пандемиясынан қаза болған әріптестерін еске алуға арналған турнир өтіп, дәрігерлер өмірден өткен қызметкерлердің рухтарына құран бағыштады.


Аудан әкімдігінің тікелей қолдауымер бастау алған шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, ауданның бас имамы Жорабай Дулатбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаев, ардагер спортшы Бақыт Жанбырбаев пен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев, аудандық аурухана дәрігерлері қатысып, теңбіл доп шеберлеріне сәттілік тіледі.


Спорттың кіші футбол түрінен ұйымдастырылған турнирге Алматы, Шымкент қалаларымен қатар өзге де аудандардан 16 құрама іріктеліп, өзара мықтыларды анықтады.


Ә дегеннен тартысты басталған турнирдің алғашқы кездесулерден бастап-ақ әрбір команда өздерінің жарысқа деген жігерлері мен үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсетті.


Ашық турнирдің ақтық ойындары 15 шілде күні Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтті.