Түркістандық делегация Кореяның компаниясымен меморандумға қол қойды

0
295

1957 жылы салауатты өмір салтын сақтау мақсатында құрылған компания дәрі-дәрмек, косметика және тұрмыстық заттар өндіреді.


Түркістандық делегация Кореяның компаниясымен меморандумға қол қойды

Түркістан облысының делегациясы Кореяның фармацевтикалық компаниясымен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапары аясында бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, Dong Sung фармацевтикалық компаниясының бас директоры Ян Гу Лимен кездесті. Кездесу қорытындысымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


1957 жылы салауатты өмір салтын сақтау мақсатында құрылған компания дәрі-дәрмек, косметика және тұрмыстық заттар өндіреді.


Компания фотодинамикалық терапияны дамытуда. Бұл қатерлі ісік ауруын емдеуді жеңілдетеді және ем-домнан соң жанама әсерлердің аз қаупімен емдеуді тиімді етеді.