Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
фото: tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Түркістандық депутат зорлау қылмысы бойынша күдікке ілінді, деп жазады kozachkow Telegram-арнасы.
Түркістан облысы Полиция департаменті зорлау бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы жарияланымға қатысты пікір білдірді. Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
«Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданатын болады. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.
Halyqstan Telegram-арнасының жазуынша, ұсталған адам – Түркістан облысындағы аудандық мәслихаттардың бірінің депутаты Ерғали Аманбаев. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары ресми түрде растаған жоқ.


