Түркістандық ескек есушілер ел чемпионатында 30 жүлде жеңді

0
715

Еліміздің 12 командасы қатысты.


Түркістандық ескек есушілер ел чемпионатында 30 жүлде жеңді

Түркістан облысының ескек есу шеберлері жаңа маусымды 30 жүлдемен бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының ескек есушілері жаңа маусымды жеңіспен бастады. Олар Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 30 жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, 9 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль еншіледі.


Жарысқа еліміздің 12 командасынан 113 спортшысы қатысты. Түркістан облысының су спорты түрлерінен олимпиадалық резервті дайындайтын мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері өте сәтті өнер көрсетті. Облыс қоржынына алтын жүлделерді Н.Сергеева, А.Терещенко, И.Лукьянов, Д.Корыткина, У.Киселева сынды спортшылар салды.