Түркістандық кәсіпкер Президент Жолдауына үн қосты

0
2 081

Елбасының білім саласына көңіл бөліп отырғаны ерекше қуантады. Мектепке дейінгі білім саласындағы тәрбиешілердің айлығын көтеру, «Ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру туралы» Заң қабылдау өте орынды тапсырма болды.


Түркістандық кәсіпкер Президент Жолдауына үн қосты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі Жолдауын Түркістан облысының халқы ыстық ықаласпен тыңдады. Жолдау жүктеген тапсырмалар мен міндеттер жөнінде «Аманкелді» ЖШС компаниясының директоры, кәсіпкер Нұрлан Құралов өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі

"Президент Н. Назарбаевтың бүгінгі халыққа жолдауында Қазақстанның әл-ауқатының өсуі. Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мәселесі қозғалды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бүгінгі күнге дейін көптеген бағдарламалар жүзеге асқан болатын. «Ұлт болашағы – келер ұрпақ» десек, Елбасының білім саласына көңіл бөліп отырғаны ерекше қуантады. Мектепке дейінгі білім саласындағы тәрбиешілердің айлығын көтеру, «Ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру туралы» Заң қабылдау, орта білім беретін мектептерде «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» әдістемелік оқытуын енгізу, барлық мектептер мен балабақшаларға толықтай бейнебақылау камераларын орнату секілді бірқатар міндеттемелер жүктеді. Осы орайда Білім жән ғылым министрлігі тынбай еңбек етеді деп сенеміз", деді «Аманкелді» ЖШС компаниясының директоры, кәсіпкер Нұрлан Құралов.

Естеріңізге салар болсақ, «Аманкелді» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсында «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша жеңімпаз болған кәсіпорын.