Түркістандық кәсіпкер жұмсақ жиһаз жасайтын цех ашты

0
1 406

Өнімдердің көтерме бағасы 25 мыңнан басталады.


Түркістандық кәсіпкер жұмсақ жиһаз жасайтын цех ашты

Төлеби ауданында отандық жиһаз шығаратын цех жұмыс істейді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында жұмсақ жиһаз жасайтын цех жұмыс істеп жатыр. Отандық өнім өндіруші шағын кәсіпорын жұмысын биыл бастаған. Кәсіп иесінің айтуынша, аз уақыттың ішінде орындық пен үстел бұйымдарына деген сұраныс едәуір артқан.

«Қажетті шикізат Ресей елiнен және Алматы қаласынан тасымалданады. Дайын өнімдер Шымкент, Қызылорда, Алматы қалаларына сатылымға шығарылады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін көбейтiп, жұмыс орны санын арттыру жоспарда бар», - дейді "Меруерт" ЖК басшысы А.Нарбеков.

Атап айтқанда, Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округінде орналасқан цехтың иесі 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Цех жұмысшыларының орташа жалақысы 70-100 мың теңге аралығында. Аталға кәсіпкер өнімдердің көтерме бағасы 25 мың теңгеден басталады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысының тұрғындары түрлі кәсіппен шұғылданып, өздерін өздері жұмыс және табыспен қамтуға кіріскен. Оның нәтижесі көңіл қуантарлық деңгейде.