Түркістандық оқушылар республикалық сайыста жеңімпаз атанды

0
690

Білім бәйгесінің республикалық кезеңіне 19 секция бойынша 900-ге жуық оқушы қатысты.


Түркістандық оқушылар республикалық сайыста жеңімпаз атанды

Түркістандық оқушылар республикалық сайыста қос алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Білім бәйгесінің республикалық кезеңіне 19 секция бойынша 900-ге жуық оқушы қатысты. Оның ішінде ауылдық елді мекендерден 62 оқушы өз бақтарын сынаған.


Қорытынды кезеңге шыққан оқушылардың 45%-ы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары және медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге еліміздің беделді жоғары оқу орындарының ректорлық білім гранттары табысталды.


Түркістан облысынан жалпы 52 жобамен 67 оқушы қатысып, нәтижесінде 17 жүлделі орын және 13 алғыс хат олжалады. Мәселен, Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Бағдәулет Абдусаттаров информатика секциясында 1 орынды иемденіп, жоғарғы оқу орнына грант жеңіп алды. Сондай-ақ, этномәдениеттану секциясы бойынша Сарыағаш ауданы, №37 Б.Майлин атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Аяулым Оңалбай да алтын медаль алды.