Жалпы саны 40 оқушы қатысқан.
Түркістандық оқушылар дойбыдан республикалық жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Астана қаласында дойбыдан өткен республикалық жарыста саурандық М.Әуезов мектебінің оқушылары жалпы командалық есепте жүлделі І-орынды иеленді. Жарыс ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен. Сайыс салауатты өмір салтын қалыптастырып, достық қарым-қатынасты нығайту, жастарды спортқа баулу мақсатында қолға алынған.
Айта кетсек, дойбыдан өткен турнирге Атырау, Жетісу, Қарағанды Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан жалпы саны 40 оқушы қатысқан.