Түркістандық отбасы – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы

0
68

Байқауда еліміздің 20 өңірінен іріктелген үздік әулеттер бақ сынап, әрқайсысы өз отбасылық тарихы мен еңбегі арқылы үлгі көрсетті.


Түркістандық отбасы – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы

Түркістан облысындағы Молдабековтер отбасы – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республика күні қарсаңында Астанада өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Елдің түкпір-түкпірінен келген үздік әулеттер арасынан Түркістан облысының намысын қорғаған Сауран ауданының Молдабековтер отбасы жеңімпаз атанды.


Марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, отбасы институтын нығайту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарында екенін атап өтті.


Байқауда еліміздің 20 өңірінен іріктелген үздік әулеттер бақ сынап, әрқайсысы өз отбасылық тарихы мен еңбегі арқылы үлгі көрсетті. Солардың ішінде Сауранның еңбекқор, ынтымағы жарасқан Молдабековтер әулеті туған жерінің абыройын асқақтатып, өңірдің «Мерейлі отбасысы» атанды.


«Мерейлі отбасы» байқауы - ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды жоба. Осындай берекелі, өнегелі әулеттердің арқасында елдің іргесі мықты, болашағы жарқын болмақ.

Бөлісу