Түркістандық тәртіп сақшылары қызмет бабында қаза болған әріптестерін еске алды

0
746

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Түркістандық тәртіп сақшылары қызмет бабында қаза болған әріптестерін еске алды

Түркістан облысында қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына Қ.Дәлбековтың арнайы марапаты мен сыйлығы табысталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес «23 маусым Қазақстан Полициясы мерекесі» қарсаңында облыстағы қызмет бабында қайтыс болған ержүрек полиция қызметкерлерінің отбасына арнайы барып, сый-сыяпаттар тапсыру іс-шаралары өткізілді.

Осы орайда Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың құттықтау хатымен, сыйлығын табыстау мақсатында 2013 жылы 11 маусымда күдіктінің соққысынан қаза тапқан полиция аға сержанты Атымтай Ахметовтың отбасына барып, оның жары мен ұл-қызын мерекемен құттықтап қайтты.

Сондай-ақ, бұліс-шара Сарыағаш ауданында да жалғасын тапты. Аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен Қазақстан Полициясының құрылған күні мерекесі қарсаңында «өлі риза болмай, тірі байымас» қағидасымен 1988 жылы қылмыскерлерді ұстау барысында қызмет бабында қайтыс болған Бақдәулет Елшинбековтың отбасына барып, оның жұбайын мерекемен құттықтап, Қ. Дәлбековтың марапатын тапсырып қайтты. Тәртіп сақшылары қиын салада еңбек етіп, өзінің қызметін атқару барысында өмірден өткен полицей Бақдәулеттің жанұясының жағдайын біліп, отбасына бағалы сый-сыяпат табыстады.

Айта кетейік, Түркістан облысы полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейлердің есімдерін, олардың отбасын, ұрпағын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отыруды дәстүрге айналдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.