Түркістандық жас грэпплингшілер Қазақстан кубогында сәтті өнер көрсетті

0
2 494

2 алтын, 1 күміс, 3 қола алқаны қанжығаға байлады.


Түркістандық жас грэпплингшілер Қазақстан кубогында сәтті өнер көрсетті

Нұр-Сұлтан қаласында грэпплинг спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әр өңірдің мықтылары арасында бақ сынаған түркістандықтар 2 алтын, 1 күміс, 3 қола алқаны қанжығаға байлады.
Атап айтар болсақ, жасөспірімдер арасында грэпплинг спорт түрінен 27 кг салмақта күш сынасқан Нұрберген Сағадат қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. 55 келі салмақ дәрежесінде күрескен Ерсұлтан Умирзахов қола алқаны қанағат тұтты. 14-15 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында 48 келі салмақ дәрежесінде Айша Оразалы 3 орынды иеленді.