Түркістандық жастар «Шардара» су қоймасының жағалауын тазалады

0
441

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.


Түркістандық жастар «Шардара» су қоймасының жағалауын тазалады

Түркістан жастары «Шардара» су қоймасы жағалауын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Бұл бастаманы Түркістан облысының белсенді жастары қуанышпен қабылдап, тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді.


Шардара ауданында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-плоггинг өткізілді.


Акцияға облыс, аудан, қаладан келген жастар орталығының басшылары қызметкерлері, ерікті жастар қатысты.


Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.


Шынында да, тазалық бір мемлекеттік органның қызметкерлері үшін емес, облысымыздың әрбір тұрғыны үшін қажет. Сондықтан, әрине, тазаланған аумақтарды одан әрі күтіп ұстау халықтың адами жауапкершілігіне байланысты.


Ортақ мүдделер үшін бірлескен жұмыс – адамдарды біріктіретін жалғыз ықпалды күш. Әрбір саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, әдемі болуына өз үлесін қосуы керек.


Аталған акция халықтың табиғатқа деген жақсы көзқарасын қалыптастыруға және Шардара жағажайында демалушылардың назарын тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Акция барысында облыстың 200-ге жуық белсенді жасы «Шардара» су қоймасы жағалауларына тазалау жұмыстарын жүргізіп 1,5 тоннаға жуық қоқысты командаға бөлініп жинады. Жиналған қоқыс арнайы техникаға артылып, полигондарға тасымалданды.