Түркістандық жігіт таныстарынан 75 млн. теңге қарыз алып, құмар ойынға жұмсап жіберген

0
761

Қарызын өтей алмағасын қашып кеткен.


Түркістандық жігіт таныстарынан 75 млн. теңге қарыз алып, құмар ойынға жұмсап жіберген

Түркістандық полицейлер 75 миллион теңгеге қарыз болып, жоғалып кеткен жігітті тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби АПБ-сына Леңгір қаласының тұрғыны арызданып, жасы 30-ға жуықтаған ұлы үйінен 4 тәулік бұрын белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.


Полиция қызметкерлері хабарлама түсе салысымен әрекет етіп, оқиға орнына жеткен. Жоғалған ер азаматты табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын бір апта бойы жоспарлы түрде жүргізді. Нәтижесінде жоғалған жігіт Алматы қаласынан табылды.


Ол өзінің таныстарынан 75 миллион теңге қарыз алып, оны құмар ойынға жұмсап жіберген. Сөйтіп, қарызға алған ақшаларын қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кеткен.