Түркістандықтар маңызды мәселелерді көтерді

0
129

Тұрғындардың басым бөлігі баспана мәселесін көтеріп, көмек беруін сұрады.


Түркістандықтар маңызды мәселелерді көтерді

Түркістандық тұрғындар жеке қабылдауда маңызды мәселелерді көтерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс аумағында тұрақты түрде тұрғындармен жеке қабылдау өткізіліп келеді. Кестеге сәйкес бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтарды жеке қабылдады.


Қабылдауға Түркістан, Кентау қалаларының және Сауран, Бәйдібек, Келес аудандарының тұрғындары келді. Тұрғындардың басым бөлігі баспана мәселесін көтеріп, көмек беруін сұрады.


– Тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл дегеніміз, ешкім өз кезегінен тыс пәтер алмайды, немесе біреудің орнына өтініш бере алмайды. Заң талаптарына сәйкес, әр азамат өз кезегін күтіп, әділ негізде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан мұқтаж отбасыларға тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызын өтеп беру үшін «Отбасы банкіне» өтінім жолдау мүмкіндігі де бар, — деді Зұлпыхар Жолдасов.


Сонымен қатар азаматтар әлеуметтік көмек алу, несие жабу, ауыз су, кәріз жүйесіне қатысты мәселелерді ортаға салды.


Зұлпыхар Сансызбайұлы көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.

Бөлісу