Алматыдан келетін дәріні жеткізуді әкімдік мойнына алған.
Түркістанның әкімі дәріхана иелерімен кездесті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардағы дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу мақсатында дәріхана иелерімен кездесті.
"Кеше әкімдікте қызметкерлермен бірге коронавирус пен пневмония бойынша қажетті дәрі-дәрмек тізімін жасап, қалаға қанша қажет екенін анықтадық. Ендігі мақсатымыз барлық дәріханаларға жеткізіп, бағасын халыққа қолжетімді етіп ұстасақ деген ниет", - деген шаһар басшысы Алматы қаласынан дәрі қоры келетінін және кәсіпкерлерге қолдау үшін логистика, яғни жеткізіп беру жағын қала әкімдігі қолға алғанын айтты.
Сонымен бірге, дәріханаларға рейд жұмыстарын жүргізудің қажеті жоқ екенін, мобильді топ кете, бағалар қайта шарықтайтынын айтып, бос уақытты пайдасыз жұмсамауға шақырды.
Айта кетсек, үлкен жүк көлігі, яғни 40 тонна дәрі-дәрмек бүгін қалаға келіп, өтініштері бойынша дәріханаларға артығымен тарқатылады. Ал, одан соң халықтан дәрілер бойынша шағым түспеуі қажеттігі де айтылып, осындай сын сағатта біріге қолдау көрсетіп, халық денсаулығын басты орынға қою мәселесі қаралды.