Түркістанның әкімі мердігер компанияларға ерекше хат жолдады

0
781

Тұрғындардан түскен шағымдар ескерусіз қалмайды.


Түркістанның әкімі мердігер компанияларға ерекше хат жолдады

Түркістандағы жұмыстар басты назарға алынады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еске сала кетсек, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов күн сайын шаһарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды әрдайым бақылап отыратынын айтқан еді. Енді мердігер компанияларға өз талабын қойып, ерекше хат жолдады. Ол хатта:

"Құрметті Түркістан қаласында қызмет көрсетуші мердігер компаниялар өкілдері!

Қала бойынша атқарылып жатқан біршама жұмыс сапасына, атқарылу уақытына тұрғындар тарапынан әлі де шағым түсіп жатыр. Қандай да жұмыс нәтижесі халық қанағаттанарлықтай болуы шарт. Халық бізден талап еткендей, біз сіздерден талап етеміз. Бүгіннен бастап, әр таңымда қаланың әр түкпірінде әр сала бойынша атқарылып жатқан әр жұмыс барысын жеке тексеруге бел будым. Бұдан былай, жұмыстардың толыққанды және уақытылы бітпеуінің шынайы себептері мен қызмет көрсетуші мекемелерді көрсетіп отыратын боламыз.

Құрметпен, Түркістан қаласы әкімі Р.Аюпов", - делінген.

Қала әкімінің бұл әрекетіне қарап, қаладағы құрылыс қатаң бақылауға алынады деуге әбден болады.