Түркиялық дәрігерлер Түркістанда тегін ота жасап жатыр

0
567

32 науқасқа күрделі оталар жасап, 3 науқасқа құлақ протездерін салған.


Түркиялық дәрігерлер Түркістанда тегін ота жасап жатыр

Түркістан қаласына Түркиядан білікті дəрігерлер келіп, тəжірибелерімен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң клинико-диагностикалық орталығына Түркиядан білікті дəрігерлер келіп, медицина саласындағы озық тəжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, Түркістан облысы тұрғындарына бірнеше күрделі ақысыз оталар жасады. Бұның барлығы «Ана жұрттан ата жұртқа денсаулық көпірі» жобасы аясында бауырлас елге деген сый ретінде жүзеге асуда. Бұл жайында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мухиддин Шімшек мәлімдеді.


Дəрігерлер 1-10 маусым аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығына тіркелген туа біткен даму ақаулары бар балаларды кезексіз тексерістен өткізді. Түркиялық педиатр-дәрігерлер бүлдіршіндерді қабылдап, ата-аналарға кәсіби кеңестерін беріп, арнайы емдеу тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, церебралды сал ауруы, дауна синдромы, аутизм, тірек-қимыл жүйесі, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды дәрігерлік тексерістен өткізді. Жалпы саны 40-тан астам бала жоғары деңгейлі мамандардың қабылдауында болды.


Айта кетейік, отоларинголог-дәрігерлер құлақтың іріңді аурулары және мұрын ісіктері диагноздарымен 32 науқасқа күрделі оталар жасап, 3 науқасқа құлақ протездерін салған.