Облыс орталығында орналасқан базар маңындағы үй өртке оранған. Оның видеосы тез арада-ақ әлеуметтік желіде тарап кетті.
Жаңадан құрылған Түркістан облысы орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Облыс орталығында орналасқан базар маңындағы үй өртке оранған. Оның видеосы тез арада-ақ әлеуметтік желіде тарап кетті.
«Түркістанда «Әзиз» базары жанып жатыр» деген хабармен таралған видеода базар маңында үйдің шатыры лаулап жанып жатқандығы анық байқалады.
Бейресми дереккөзі оның базар емес, жақын маңдағы ескі үй екенін айтты.
Видео әлеуметтік желіден алынды