​АҒАРТАМЫН деп түсті киімдерді БҮЛДІРІП алдыңыз ба?

0
2 025

Бүлінгенді жылдам орнына келтіруге болады.


​АҒАРТАМЫН деп түсті киімдерді БҮЛДІРІП алдыңыз ба?

Мектепке баратын балалардың ақ көйлектері сиясыз, дақсыз келетін кездері аз. Ондай кезде дақ іздерін кетіру үшін көбіне ағартқыш пайдаланып жатамыз. Алайда құрамында хлоры бар құрал түсті киімдер үшін өте қауіпті. Ағартқыш құрамына кіретін хлор матадағы бояуды жоқ қылып жібереді. Бірақ оны да қалпына келтіруге болады.


Ағартқыш киімге тиіп кеткен кезде

Егер киімге таза ағартқыштың өзі тиіп кетсе, онда бірден сол жерді ағып тұрған сумен жақсылап шайып алыңыз. Себебі ағартқыш матаның түсін ғана емес өзін де бүлдіріп, ыдыратып жіберуге қауқарлы. Су салқын болуы керек. Киімдегі ағартқышты шайып алған соң, дақ болып қалған жерді содадан қоспа жасап жуып жібереміз.

Содаға су қосып қою қоспа жасап алып, дақ болған жерге жағып қоямыз. Кепкен соң жақсылап салқын сумен шайып тастаймыз. Келесі кезекте бүлінген жердің түсін қалпына келтіруге тырысамыз. Ол үшін медициналық спирт пен мақталы диск қажет.

Мақталы дискті спиртке малып аламыз.

Түс бастапқы қалпына келу үшін дақ тимеген жердегі бояуды жаймен ағарып қалған жерге қарай спиртке малынған мақталы дискпен сүртеміз.

Кейін түс бірқалыпты реңге енген соң киімді қалыпты жағдайдағыдай, ұнтақпен немесе сұйықтықпен жуып, шайып ала беруге болады.

Маңызды! Спирт матадағы бояуды ерітеді. Сондықтан оны ашық түс болып тұрған жерге көшіруге болады. Бірақ, киімнің түсі бастапқыдай қанық емес, шамалы солғын тартуы мүмкін.


Маркерді пайдалану

Ағартқыш тиіп бүлінген киімнің түсін перманентті маркер көмегімен қалпына келтіруге болады. Маркер спиртті қоспамен болғаны дұрыс. Маркермен бүлінген жерді мұқият бояп алыңыз. Киім құрғақ болу керек. Бояған жер толық кепкен соң бояу түсі қанық болмаса, үстінен тағы бір рет бояп шығыңыз. Ал керісінше бояу түсі тым қою болып кетсе, онда спиртке малынған мақталы диск көмегімен ашық етуге болады.


Матаға арналған бояу

Матаға арналған бояулар бар. Бұл ағартқыштан қалған із өте үлкен болса да жақсы көмектеседі. Арнайы бояумен тек дақ болған жерді немесе түгел бояп алуға болады. егер түгел боясаңыз, түс біркелкі шығады.

Ағартқыш тек қана түсті киімдерде емес, ақ киімде де із қалдырады. Ағартқыштан болған сарғыш ізді қалпына келтіруге болады.

  • Ақ киімдегі ағартқыш ізін сутек асқын тотығымен кетіруге болады. Ол үшін мақталы дискті сутек асқын тотығына батырып алып дақ болған жерді жақсылап ысқылау керек.
  • Сондай-ақ бұл дақты кетіру үшін аспирин пайдалансаңыз да болады. Ол үшін 2 дана аспиринді ұнтақтап, жылы сумен араластырып қою қоспа жасап алады. Қоспаны дақ болған жерге жағып, 3 сағаттан кейін ұнтақ салып қалыпты жағдайда жуып алыңыз.


Джинсы матадағы дақты кетіру

Джинсы матадағы ағартқыштан қалған кішкентай іздерді қаламмен немесе фломастермен бояп қоюға болады. Ал егер ағартқыш үлкен көлемді немесе бірнеше жерді бүлдірген болса, онда джинсиды қайнатып алу керек.

  • Бүлінген джинсиды сыққан кездегідей шиыршықтап аламыз.
  • Қайнатып болған соң ширағанын жазып, ағып тұрған суға шайып аламыз.
  • Үлкен кәстрөлде 10-12л суды қайнауға дейін жеткізіп, 250мл ағартқыш құямыз. Үстіне 2-3 ас қасық жууға арналаған ұнтақ қосамыз.
  • Осы қоспаға шиыршықталған джинсиды саламыз және 20 минут қайнатамыз.

Қайнату уақыты киімге тиген дақтың қаншалықты ағарып кеткеніне байланысты. Егер дақ тым ақ болмаса онда шамалы аздау уақыт қайнату керек.


Мақтадан, зығырдан жасалған киім

Мұндай киімдердегі ағартыштан қалған ізді мүсәтір спирті мен тұз тез қалпына келтіреді.

  • Шыны ыдыста 1 шай қасық мүсәтір спирті мен 1 шай қасық тұз және 250мл жылы суды араластырып аламыз.
  • Дайын болған ерітіндіге киімді салып жарты сағатқа қалдырамыз. Кейін таза сумен жуып, шайып аламыз.

Ағартқыш киімді бүлдірсе, оны жаратпай тастай салмаңыз. Уақытында іске кіріссеңіз, бүлінгенді жылдам орнына келтіруге болады.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.