Кілем таңдай аласыз ба?

0
8 517

Кілем - еденге төсеуге ыңғайлы әрі әрлі де сәнді, ұзақ жылдар үйдің реңін ашып, жылылық сыйлап тұрады. Реті келсе, кілемді қабырғаға ілуге болады. Әсіресе, дұрыс таңдалған, көкейіңізге қонған кілем - шаңырағыңызды шаттыққа толтырып, көңіліңізді жайлылыққа бөлейді.


Кілем таңдай аласыз ба?

Кілем - еденге төсеуге ыңғайлы әрі әрлі де сәнді, ұзақ жылдар үйдің реңін ашып, жылылық сыйлап тұрады. Реті келсе, кілемді қабырғаға ілуге болады. Әсіресе, дұрыс таңдалған, көкейіңізге қонған кілем - шаңырағыңызды шаттыққа толтырып, көңіліңізді жайлылыққа бөлейді. Сіздің талғамыңызға сай базарда, арнайы кілем дүкендерінде төсеніштің мың сан түрі, алуан түстісі, ұзынды-қысқасы, өрнекпен өрілген әрқандай брендтегі нұсқалары самсап тұр. Тектаңдаудан жаңылыспасаңыз болғаны! Бастысы, саспаңыз. Бүгін біз сізге кілемнің қай материалдан тоқылғанын, оның құрамы неден жасалғанын, сапасы, кіршеңдігі. Қай бөлмеге қандай өңдегі кілем сәйкес келетінін... бәрін бүге-шүгесіне дейін түсіндіретін боламыз.

Табиғи кілемді ұнататын болсаңыз...

Ең алдымен кілемнің үйге қандай пайдасы бар екеніне тоқталайықшы. Біріншіден, ол бөлменің ажарын ашатын интерьер. Екіншіден, бос кеңістіктегі қабырғадан шығатын жаңғырықты болғызбайды. Үшіншіден, аяққа жылы. Төртіншіден, еденге күш түсіретін ауыр салмақты заттарды кілем арқылы жеңілдетуге болады.

Енді кілемнің материалына мән берсек. Кілемдер табиғи, синтетикалық және аралас жіпті құрамдардан тұрады. Әрбірінің өз артықшылықтары және кемшіліктері бар.

Табиғи жіптен тоқылған кілемдерді көбіне сән-салтанат үшін қонақ бөлмеге, қабырғаға, балалар бөлмесіне төсей аласыз. Жібектен тоқылған кілемдер - бұл да қол еңбегі. Мығым, тартымды, ұзақ мерзімге қолдануға болады, тұстердің ашық-жарқын ойнақылығы жібек кілемге тән. Мұны ағаш жиһаздар қойылған бөлмеге төсеген жөн. Жібек кілемнің құны әлдеқайда жоғары, басқаларға қарағанда бар міні - баппен, ұқыпты ұстауды қажет етеді. Келесі жүннен тоқылған кілемдер жөнінде айтсақ, оның ерекшелігі жылуды ұстап тұратындығы, тігісі берік, сонысына қарамай ауаны өткізе алады, ылғал тарта біледі. Ұстағанда сондай жұмсақ, биязы, қырық-елу жылға дейін жарайды. Кемшілігі: үстіне төгілген дақтар оңайлықпен шайыла қоймайды. Сосын біте, ұсақ көбелек, құрт жеп кетуге, көгеріп иістенуге бейім. Сатып аларда ескеріңіз, жүннен жасалған кілемнің құрамында жәндікке қарсы тұратын қоспасы бар ма екен?

Жұннен тоқылған кілем түстері алуан тұрге ене алмайды, қойдың жүнінен тоқылғандықтан, химиялық бояуға төзімділігі төмен. Сол себепті, олардың тұсі үнемі біркелкі қоңыр, көкшіл, күлгін болып келеді.

Мақтадан да кілем жасалады. Бұлар үлбір, сондай нәзік, жіптері жіңішке. Қолмен тоқиды. Кемшілігі, көпке шыдас бермейді, кілем нарығында шектеп ғана сатылады. Мақта кілемінің сыртқы қабаты керемет, сонысымен ұтымды. Оны интерьер әшекейі ретінде қабырғаға ілуге жақсы. Жоғарыда аталғандар - қол еңбегі сіңген табиғи кілемдер.

Синтетикалық кілемдердің қандай артықшылығы бар?

Синтетикалық материалдан тоқылған кілемдерге кезек берейік. Бағасы қалтаны қақпайды. Бояулары қанық, түстері құбылмалы. Қандай түсін іздесеңіз де, тез тауып аласыз. Мәселен, синтетиканың ішінде акрил деп аталатын кілем тұрі бар. Акрил әлгіндегі жұннен жасалған кілемге өте-мөте ұқсас. Жылылығы, жұмсақтығы жағынан. Қуанарлығы - түске бай. Балалар бөлмесіне, кіреберіс дәлізге қолайлы. Тек акрил тез түтіліп кетеді, жиі тазалап отыруға тура келеді. Полиамид нейлоннан тоқылған кілемдер кең қолданыста, тұтынушылардың жиі сұранысына ие. Өйткені, олар жақсы тазаланады, аса күтімді қажет ете бермейді. Алдыңғы синтетикалық,тарға қарағанда полиамид қымбаттау жүреді. Неге десеңіз, жібінің өзі құнды. Полиэстерден жасалатын кілем полиамидке қатты ұқсайды, бірақ онымен салыстырғанда арзан. Полиэстердің жалт-жұлт ете жарқырайтын және кұңгірт тұрі бар. Бұдан көбінесе ұзын, кең созылып жайылатын ауқымды кілемдер тоқиды. Целлюлозаның өңделген түрін вискоза дейді, бұл материалды кейде жасанды жібек деп атап жұр. Сондықтан, вискоздан жасалған кілемдер табиғи жібек кілемдердің жанында сапа тұрғысынан тым төмен.

Түкті кілемдер

Кілемдер кейде түксіз, бәзбір жағдайда көлемді деңгейдегі түкті етіп тоқыла береді. Түгі қалың әрі биік болған сайын күтім де соншалықты қажет. Жеңіл-желпі тазалана қоймайды. Дегенмен, түкті кілемдер көзге әлдеқайда тартымды, жұмсақ, қолыңыз тиер-тимес жағымды да жайлы. Бұл түрін жатын бөлмеге жайған абзал. Түгі аздап тықырлау тұрін дәлізге қолдансаңыз дұрыс келеді. Жалпы, кілемнің мұйісін қолмен бұрап, майыстырып тексеріп көруіңізге болады, егер түгінің арасы көрініп, майысқан із қалса, ол әлсіз. Бірақ, бұл кілем нашар деген сөз емес. Тек мұны ауызғы ұйге, ас бөлмесіне, кеңсеге, адам аяғы саябыр таппайтын тұстарға төсеу тиімсіз дегіміз келеді.

Кілем бағасы қанша?

Ең қымбат кілемдер - қолдан жасалған кілемдер. Әсіресе, бұл орайда парсы және ирандық кілемдер тәп-тәуір танымал. Жұртшылық арасында жақсы бағаланады. Мұнда ерекше қолөнер шеберлігі, өзіндік қолтаңба, адамның қол күші және энергетикасы бар әрі экологиялық таза тауар. Техникамен тоқылатындар арзан екені белгілі, ал, қол жұмыстан олардың айрықшасы түстер гаммасының молдығы әрі пішіндес, өлшемінің көптігі. Машинамен тоқылатындар да мықты. Кілемнің бағасы материал құрамына, түріне, дизайндық әрленуіне, тоқудағы күрделілігіне, көлеміне, бояуына, сауда брендтерінің атауына байланысты болып келеді. Бір пәтердің құнына тең келетін кілемдер бар! Колдан тоқылған туындылар көрмесінде 20 миллион теңгеге сатылған кілемдер де болған.