Қысқы маусымға деп сақтаған пайдалы азықтар у-ға айналмау үшін олардың сақтау мерзімін біле жүріңіз.
Өткен немесе алдыңғы жылдан жабылған банкалар қалып қойды ма? Оны жеуге бола ма? Жабылған банкаларды қанша жыл сақтауға болады?
Дұрыс сақтау
Ең алдымен жабылған банкаларды қалай дұрыс сақтау керек. Банкалар бұзылмай сақталуы үшін, дұрыс жағдайда тұруы тиіс.
- Банка сақтайтын орын қараңғы болуы керек;
- Ылғалдылық жоғары болмағаны жөн;
- Ең дұрыс температура 5 градус;
- Желдетіп алатын мүмкіндік болуы тиіс;
Жабылған банкаларды ең дұрысы ұрада, жертөледе, тоңазытқышта сақтау.
Банкаларды жиі-жиі тексеріп тұру қажет
Жабылған банкаларды жиі-жиі қарап тұрған дұрыс. Көпіршік шыққан, суы бұлыңғыр, сызат түскен, қақпағы көтерілген, көгерген банкадағы көкөністерді пайдаланудың қаупі жоғары. Сондықтан оларды төгіп тастап денсаулығыңызды сақтап қаласыз.
Консервіленген көкөністер
Үй жағдайында жабылған консервіленген көкөністерді барлық жағдай жасалған болса 3 жыл сақтауға болады. Сыртқы түрі әдемі болып тұрғанның өзіне осы уақыттан артық сақтауға болмайды. Бұл уақыт ішінде барлық пайдалы заттарын жоғалтады және улану қаупі жоғарылай түседі. Сондықтан 3 жыл ішінде жапқан банкаларыңызды пайдаланбаған болсаңыз, онда оны тастау керек.
Уақыты өткен жабылған банканы не істеуге болады?
Уақыты өткен банкадағы көкөністерді, көгеріп, немесе қақпағы көтерілгенді бәрін тастау керек. Оны топырақты тыңайтуға пайдалануға болады. Жабылған банкадағы жарамсыз көкөністерді бірден бақшадағы топыраққа төгіңіз.
Сақтау мерзімі
Қысқы маусымға деп сақтаған пайдалы азықтар у-ға айналмау үшін олардың сақтау мерзімін біле жүріңіз
- Компот және сүйегімен жабылған тосаптарды 1 жылдан артық сақтауға болмайды. Ұзақ сақталған сайын сүйектен күшті қышқыл бөлінеді.
- Өзге жемістерді 1,5 жыл сақтауға болады.
- Ішінде еті бар консервілерді 1 жылдан артық сақтамаңыз.
- Саңырауқұлақ қосылған банка 1 жылдан артық сақталмасын. Одан улану қаупі өте жоғары.
- Консервіленген көкөністер мейлінше 2 жыл ғана сақталғаны жөн.
Дайындаған: Э.Базарбаева