Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

0
108


Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

ERNUR.KZ.Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның екі облысында жол қозғалысын шектеуге байланысты маңызды мәлімдеме жасады. Бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты, деп жазады Zakon.kz.




2025 жылғы 08 қараша сағат 14:00-де ауа райының нашарлауына (боран, көктайғақ, көріну шектеулігі) байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақмола облысы:

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. " автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы:


"Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.