Ақмола және Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

0
91


Ақмола және Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

ERNUR.KZ. 8 қараша күні сағат 14:00-ден бастап Ақмола және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде барлық көлік түріне қозғалысқа шектеу енгізілді, деп жазады BAQ.KZ.

Шектеу ауа райының нашарлауына – қар, боран және көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты қойылған.

Ақмола облысында қозғалыс "Астана–Шідерті–Павлодар–Успенка–РФ шекарасы" автожолының 16-200 шақырымдар аралығында, яғни Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін тоқтатылды.

Павлодар облысында "Астана–Ерейментау–Шідерт" жолының 200-254 шақырымдарында, Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша жабық.

Жолдың барлық көлік түрі үшін қайта ашылуы алдын ала болжам бойынша 2025 жылғы 9 қараша күні сағат 08:00-де жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолдың жай-күйіне қатысты жедел ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығына хабарласу ұсынылады.