Жатын бөлме - үйдегі ерекше орын. Демалатын, жағымды түс көріп, жақсы ұйықтайтын, оңаша қалатын және өзіңе ғана арналған бұрыш деуге болады. Тыныштыққа негізделген бұл бөлменің шырқын ештеңе де бүзбауы тиіс. Есіктің сықыры, жан-жақтан қаумалаған алып жиһаз, көз қарықтыратын жарық - мұның барлығы да басқа-басқа, жатын бөлмеге лайық емес.
Жатын бөлме - үйдегі ерекше орын. Демалатын, жағымды түс көріп, жақсы ұйықтайтын, оңаша қалатын және өзіңе ғана арналған бұрыш деуге болады. Тыныштыққа негізделген бұл бөлменің шырқын ештеңе де бүзбауы тиіс. Есіктің сықыры, жан-жақтан қаумалаған алып жиһаз, көз қарықтыратын жарық - мұның барлығы да басқа-басқа, жатын бөлмеге лайық емес.
Жабдықтаудағы қателіктер
Бұл - өз ісіне шебер дизайнер мамандардың кеңесі. Олардың айтуынша, мынадай қателіктерге жол берілмеуі тиіс.
Жиһаздың көп болуы. Жатын бөлмеге тек қажетті деп саналатын жиһаздар ғана қойылғаны дүрыс. Олар - кереует, шкаф, кереует жанындағы тумбалар және айналы үстел.
Сәндеуде артық кету, Перденің немесе төсекжабдығы желбіршектерінің тым көптігі де қателік. Неғұрлым қарапайым болған сайын жатын бөлме жайлы бола түседі.
Тым ашық түсті кілем - ол бөлмені кішірек етіп көрсетеді. Қабырғаға кілем ілу сәннен қалған, оның орнына әдемі бір картина ілуге болады. Жерге төселген кілем де көзге тым ұрынбайтындай болғаны дүрыс.
Бөлменің төбесін айналы немесе жылтыр материалмен жабдықтау. Адам төсекке жатқанда жақсы демалуы үшін көзі артық элементтерге түспеуі қажет.
Кереуеттің сәні емес, жайлылығы маңызды. Сырт көрінісіне ғана емес, кереуеттің сапасына мән берілуі қажет.
Жатын бөлмеге үлкен аспашамның қажеттілігі шамалы. Сол сияқты жарықты молынан түсіретіндері де жатын бөлмеге сәйкес емес.
Түс таңдаудан басталады
Жатын бөлмені жөндемек болсаңыз, алдын-ала жоспар құрудан бастаңыз. Ол тізімнің басында жатын бөлменің түсі тұруы тиіс. Қаабырғасы күңгірт, жиһаз түсі де қою қоңырқай болса, ол бөлмеден тынығып шығуыңыз неғайбыл. Керісінше, таңертең шаршап тұруыңыз кәдік. Түсі күңгірттеніп тұратын бөлме адамға суық әсер етеді. Ал жан тыныштығында жылылық басым болуы тиіс.
Жатын бөлме үшін ең жақсысы - сарғыш, сүт түсті ақшыл, ваниль және бүгінде сәнге айналған «піл сүйегі» сияқты пастельді түстер. Бірақ бөлмеге күн сәулесі молынан түсуін де есепке алып, ондай бөлмеге суықтау түстерді пайдалану қажет. Ал үйдің солтүстігінде орналасса, жатын бөлменің түсі жылы болғаны жөн.
Жатын бөлме - қонақ бөлмесі сияқты «барыңмен мақтанатын» бұрышқа жатпайды. Өзіңізде барды өзіңіз білесіз, сондықтан қымбат та жалтыраған бүйымдармен өзіңізге ғана арналған бөлмені толтырып, өз-өзіңізге мақтанудың қажеті қанша?!
Ақ - ең әмбебап түс. Ол кішкентай жатын бөлмені көрер көзге ұлғайтып көрсетеді. Күнгей бетте орналасқан жатын бөлмеге сәйкес келеді әрі оған кез келген түсті жиһаз үйлесе кетеді.
ҚЫЗҒЫЛТ - көбіне балалар бөлмесіне сәйкес келетіндіктен, мүмкіндігінше оны жатын бөлмеге қолданбаған дүрыс. Егер ұнатып жатсаңыз, ақ түспен сәйкестендіре отырып колдануға болады.
Ал қызыл түстен мүмкін болғанша аулақ болыңыз. Мүмкін, жұбайыңызбен ара қатынасыңыз жақсарар, ал тынығу жағына келгенде қызыл түс кері әсер береді.
Тағы екі түс - көк және жасыл. Олардың тыныштандыратын әсері болғандықтан мамандар бұл түсті көбірек ұстанады. Қазір сәнге экостиль кіргендіктен, бүгіннің мамандары ашық жасыл немесе көк түстің де ашықтау түсін көбірек қолданып жүр. Бұларды сары түспен үйлестірген жарасымды.
Сәннен ешқашан қалмайтын қоңыр түс бар. Ең көп қолданылатыны да осы. Өйткені, қоңыр түс адамға жайлылық пен сабырлық сыйлайды. Ашық түсті төсек жабыны мен перделер, жиһаздармен жақсы үйлеседі.
Жатын бөлме жиһазына келсек...
Егер жиһаз таңдауда тәжірибеңіз бар әрі талғамыңыз жоғары болса қиындыққа жолықпайтыныңыз сөзсіз. Ал бірінші рет алғалы тұрсаңыз, маманмен кеңескеніңіз абзал. Әдетте екі түрге мән беріледі - классика және модерн.
Кереует - жатын бөлменің «сұлтаны». Кеңдігі көңілден шығатын, жұмсақ әрі жайлы болса жақсы. Бір ескеретініңіз, кереуеттің қаңқасына ақша үнемдесеңіз де, матрасқа келгенде сараңдық танытпаңыз. Сырт көрінісінен емес, керуетіңізге жатқанда ғана өзіңізді жайлы сезінетін болғандықтан, сіз үшін маңыздысы матрас болуға тиіс. Алдағы күндерде үйқыңыздың тыныш болуы да сол матрасқа тәуелді.
Шкафтың қазір «купе» атты түрі бар. Жылжымалы есік жатын бөлменің артық кеңістігін «ұрламайды». Ені 45 см болатын шкафтың өзіне қаншама киім-кешекті сыйдыруға болады, бөлмеңіз кішкентай болса үлкеніне қызықпаңыз. Кішкентай бөлмеге арналған шкафтың есігіне айна орнатылады. Мұндай айнаның тағы бір пайдасы - бөлме ішін кеңейтіп көрсетеді.
Кілемнің үлкеніне ақша шығындап қайтесіз, онсыз да бөлменің жартысын жиһаз алып тұр емес пе? Оның үстіне «шаң-тозаңды» жақсы керетіні тағы бар. Кереует жанына тасталатын кішкентай кілемшелерді таңдасаңыз, дүрыс жасағаныңыз. Қалыңдығына мән беріңіз, ұйқыдан түрғанда табаныңыздың жұмсаққа тигені жағымды емес пе?
Перденің қалың әрі терезеден түскен сәулені жақсы көлегейлейтінін таңдаңыз.
Компьютер, теледидарды жатын бөлмеден аластатқаныңыз абзал. Әрине, ұйқыңыз тыныш, ертеңгі күніңіз сергек болсын десеңіз. Олардың орны - қонақ бөлмеде.
Жиһаздың түсі де жатын белмеде маңызды рөл ойнайды. Ашық түсті жиһаз («алмүрт», «ваниль», «қайың», «сүт түсті емен» деген түстер атауы бар) - кішігірім жатын бәлмелерде жақсы көрініс тапса, күңгірт, қою («махонь», «венге», «бук», «жаңғақ», «шоколадты емен») түстілері үлкен, кең жатын орынның сәнін аша түседі.
Кішігірім құпиялар
Жатын бөлменің кіре берісі бос болғаны дүрыс.
Болменің төбесі жарқыраған әппақ әрі бөгде ештеңе болмағаны әдемі көрінеді.
Тар бөлмеге айнаны қабырғаға орнатсаңыз болады. Шкафтың есігінде болғанын құп көрмесеңіз, әрине.
Бөлме де, өзіңіз де «еркін демалу» үшін көптеген сөрені бірегей стеллажбен ауыстыра аласыз.
Терезенің пердесінде ірі емес ұсақ өрнектер түссе, ол жүйкеге артық салмақ салмайды.
Мүмкін болғанша, жатын бөлменің кіре берістен аулақ, түкпірде болғаны дұрыс. Егер үйіңізде ондай мүмкіндік болмаса, яғни, жатын бөлменің бір жағы қонақ күтетін жаймен жалғасып кетсе, кереуетті арнайы құрылыс материалымен қоршаған жөн. Кейде оның қызметін әдемі перде де атқарады.