​11-17 маусым — шешім қабылдар шақ келді

3
7 449

Астрологтардың болжамына сенсек, 11-17 маусым аралығы — шешім қабылдауға, таңдау жасауға оңтайлы шақ. Бұл күндері қабылданған кез келген шешімнің оң нәтиже беруіне жұлдыздар септеседі екен. Сондықтан, көптен ойда жүрген жоспарларыңыз болса, дер кезінде қолға алыңыз.


​11-17 маусым — шешім қабылдар шақ келді

фото: liveyourelement.com

Астрологтардың болжамына сенсек, 11-17 маусым аралығы — шешім қабылдауға, таңдау жасауға оңтайлы шақ. Бұл күндері қабылданған кез келген шешімнің оң нәтиже беруіне жұлдыздар септеседі екен. Сондықтан, көптен ойда жүрген жоспарларыңыз болса, дер кезінде қолға алыңыз.

Тоқты

Аптаның алғашқы жартысында көптеген жылы жүздесу, достық кездесу, сапарлар мен серуендер күтіп тұр. Ал, екінші жартысын шығармашылықты шыңдауға, кәсіпті өрге домалатуға арнасаңыз, жемісті болмақ. Жұлдызшылар оны-мұны шаруаларға, ұсақ-түйекке алаңдамай, жұмысқа толықтай ден қоюға кеңес береді.

Торпақ

Келер жетіге берер жұлдыздар кеңесі — физикалық жаттығуларға ден қою. Дәл осы аптаны дене жаттығуына арнасаңыз, керемет нәтижеге қол жеткізесіз. Бұрыннан айналысып жүрген болсаңыз, кезекті жаттығуды не жүгіруді жіберіп алмаңыз. Астрологтар ескі танысыңызбен қайта жүздесуіңіз мүмкін екенін айтады. Ұзақ уақыттан бері бір-біріңізге өкпе артып, ат құйрығын кесіскен жанмен қайта татуласқыңыз келсе, осы аптадан оңтайлы сәт туа қоймас.

Егіздер

Жетінің екінші жартысында материалдық бонусқа ие боласыз. Ол қызметтік сыйақы, жалақының жоғарылауы немесе аса жақын емес бір адамнан күтпеген сый болуы ықтимал. Қай жақтан келсе де, күмәнмен қарамай, риясыз көңілмен, ризашылықпен қабыл алыңыз.

Шаян

Алдағы аптада кез келген ақпаратты қабылдауыңыз оңайға түседі. Сондықтан, жаңа білім алуға, тіл үйренуге таптырмайтын уақыт. Сондай-ақ, осы бір күндері өміріңізде үлкен өзгерістер орын алады. Ол сырт келбетіңізге немесе айналаңыздағы адамдарға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, не өз келбетіңізге өзгеріс ендіресіз, не өзіңізді қоршаған «артық» адамдардан «тазаланасыз».

Арыстан

Арыстандарды алдағы күндерде қызықты әрі нәтижелі сапарлар күтіп тұр. Өзімен мүдделес, пікірлес жандармен танысу мүмкіндігі де жоғары. Ал, жалғызбасты әйел Арыстандарға ерлердің қызығушылығы артады. Аталған белгі иелері үшін келер жұма күнделікті күйбең мен бірсарындылықтан арылып, бой жазуға оңтайлы.

Бикеш

Мақсатқа апарар қадамдарыңыз бұл аптада ерекше нәтижелі болады. Тек бір шартты оырндасаңыз болғаны — батыл қадам жасай біліңіз. Оған қоса, жұлдызшылар жаңа таныстықтар іздеуді, өзіңізбен ниеттес, пікірлес адамдармен жиірек бас қосуды ұсынады. Бұл — қайталана беретін бірсарындылықтан арылып, жаңа сүрлеуге түсіге бірден-бір көмек болар еді.

Таразы

Бұл уақыт аралығында өміріңізге күрт өзгеріс әкелетін шешім қабылдамағаныңыз жөн. Жаңа мен беймәлімнен бас тартып, үнемі тексерілген, сенімді жолмен жүріңіз. Бұл кеңес жеке өмірге де, қызметке де қатысты. Сонымен қатар, жақын туыс не досыңыз болса да, айналадағы адамдарға сақтықпен қараңыз.

Сарышаян

Сіз үшін алдағы апта үй шаруаларын реттеуге оңтайлы. Үй мен аулаға тазалық жұмысын жүргізіп, ас әзірлеу шеберлігіңізді шыңдаңыз. Қажетті тұрыстық заттарыңызды осы аптада алсаңыз, сәтті саудаға кезігесіз. Сондай-ақ, жақын дос-туыстармен саяхатқа шығып, көңіл көтеріп не тынығу үшін де аса ыңғайлы күндер болмақ.

Мерген

Келер жетіде жалықтыратын шаруаларды тез-ақ реттеп, тынығуға уақыт бөлуге мүмкіндік бар. Қызықты адамдармен кездесулер, жаңа таныстықтар күтіп тұр. Жеке өмірде де, қоғамда да тек позитивті жағдайлардың ортасында жүресіз.

Тауешкі

Апта басында физикалық және эмоционалдық тұрғыдан сергек жүресіз. Еңбек қарымдылығыңыз да қарқынды. Нәтижесінде қолға алған бар ісіңіз жемісті әрі жеңісті болады. Түйткілді мәселенің түйінін оңай шешесіз. Апта соңында атқарған еңбегіңіз үшін сыйақыға ие боласыз. Дегенмен, бұл қызмет орнындағы ғана жағдай. Ал, жеке өмірде керісінше, бәрі қиынырақ болғалы тұр. Барлық жағдайда өзіңізді қолға алып, сабырлылық танытпасаңыз, жақындарыңызбен керісіп, өкпе-ренішке жол беріп алуыңыз мүмкін.

Суқұйғыш

Аталған жұлдыз белгілері үшін шығармашылықпен айналысуға қолайлы шақ. Барлық жерде, барлық уақытта жасампаздық пен жаңашылдыққа сүйеніңіз. Өзіңізді жетілдіру жолында жұмыс жасасаңыз да, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Косметолог, стилистен кеңес алуды, спортпен шұғылданып не емдәмге отыруды көздеп жүрсеңіз, осы аптадан қалдырмауға кеңес береміз.

Балықтар

Бұл апта — Балықтар үшін романтика аптасы. Басы бос Балықтарда жаңа махабат хикаясы басталуы мүмкін. Сырттай ғашық болып жүрген жандар күтпеген жерден кездесуге шақырады не тосын сый ұсынады. Сезім жетегіне еріп, бұлттар арасына қалқып кетуіңіз бек мүмкін. Сондықтан, бұл аптада маңызды жобаларды қолға алмауға кеңес береміз.

Аударған: А.Мейірханқызы

ERNUR.KZ