Бұл апта сізді көптен келе жатқан, шоғырланып қалған мәселелерді біржолата шешуге мәжбүрлейді. Әсіресе, қаржы тұрғысында. Бірақ, абыржымаңыз, бұл сіздің қолыңыздан келеді.
фото: espritsciencemetaphysiques.com
Тоқты
Алдағы апта сіз үшін жаман өтпейді. Әріптестермен араңызда жылы қарым-қатынас орнайды. Ойға алған істеріңіз де оңды нәтижемен аяқталып жатады. Бәзбіреулеріңіздің қолыңызға қомақты қаражат түскелі тұр.
Ал, жеке өмірге келсек, жүрегіңіз махаббатқа толады. Апта бойы қызықты оқиғалар мен романтикалық әсерлерге бөленесіз. Жақын жандар, әсіресе, сүйіктіңізбен арада үлкен сенім орнайды.
Ең сәтті күндер — дүйсенбі, бейсенбі, жексенбі.
Торпақ
Бұл апта сізді көптен келе жатқан, шоғырланып қалған мәселелерді біржолата шешуге мәжбүрлейді. Әсіресе, қаржы тұрғысында. Бірақ, абыржымаңыз, бұл сіздің қолыңыздан келеді.
Жеке өміріңізге көбірек уақыт бөлсеңіз, екінші жартыңыздың қарым-қатынастарыңызға үстемдік еткісі келетінін байқайсыз. Жақсылап қолға алсаңыз, түсініспеушілік, келіспеушілік сындыларды бейбіт жолмен шешудің де кілті өз қолыңызда.
Сәтті күн — бейсенбі.
Егіздер
Бір нәрсені анық айта аламыз — бұл аптаны бірсарынды қалыпта өткізбейсіз. Жағдайлар мен көңіл-күйіңіз жиі өзгереді. Сондықтан, эмоциялар тасқынының астында қаласыз. Өз бойыңыздағы қызғаныш, күдікшілдік сындыларға қатты беріліп, махаббатыңызды құрбан етіп алуыңыз да ықтимал. Мұндай жағдайды болдырмау үшін жылы-жылы сөйлеп, іштегі жаман қасиет аталатын жыландарды шығарып кететін «жанашырлардың» сөзін елемеуге тырысыңыз.
Аптаның сіз үшін ең жайлы күні — жұма.
Шаян
Алдағы жұмада аяқтап тастадым деген шаруаны қайта жасауға немесе өзге біреудің міндетін мүлтіксіз атқаруына көмектесуге тура келетін сыңайлы. Қандай шаруа болса да, бас тартпаңыз. Бұл сіздің жетістікке жетуіңіздің бір баспалдағы болуы мүмкін.
Сіз үшін ең сәтті күн — сәрсенбі.
Арыстан
Алдағы апта сізге ыстық құшағын айқара ашуда. Аптаның барлық күнінде дерлік жетістік пен өзгелердің түсіністігіне, жанашырлығына бөленесіз. Дегенмен, уақытыңыздың біраз бөлігін жанашырлардан жырақ, оңашада өткізген де пайдалы болмақ. Мәселелеріңізді өзгелердің көмегінсіз өзіңіз-ақ оңай шеше аласыз, онымен қоймай, біршама табысқа кенелесіз.
Аптаның ең сәтті күндері — дүйсенбі, бейсенбі, жұма.
Бикеш
Алдағы жетінің алғашқы жартысында ешкімге ешқандай уәде бермеуге, мойныңызға артық жауапкершілік алмауға тырысыңыз. Алайда, өтініштерден үзілді-кесілді бас тартпаған да дұрыс. Тек олардың астарына тереңірек үңіліп, шын мәнісінде қолыңыздан келетіні мен сізге де пайдасын тигізетіндерін іріктеп, соларды ғана орындаңыз. Сәрсенбіде не тиын санап қаласыз, не ірі көлемде сауда жасап қоясыз — екінің бірі. Қалай болғанда да, күннің соңында қалтаңыз бос болуы мүмкін. Есесіне, аптаның екінші жартысында кәсіпкерлік қабілетіңіз белсенділік танытып, табысты істерді қолға аласыз.
Ең сәтті күн — жұма.
Таразы
Жинақылық пен барлық нәрсені өз пайдаңызбен түйістіре алатын қабілетіңіз осы аптада ерекше пайдаға асады. Болжамдарыңыз ешқандай дәлелдеуді, нұсқауларыңыз нақтылауды қажет етпейді — бәрін дұрыс ойластырасыз. Өзіңізден жасы кішілер үшін сөзіңіздің салмағы арта түскені байқалады. Осы сәтті пайдаланып, бала тәрбиесіне көбірек уақыт бөліңіз. Ал, жалғызбасты Таразылар үшін жаңа бір махаббат хикаясын бастауға қолайлы апта.
Сәтті күндер қатары — сейсенбі және бейсенбі.
Сарышаян
Алдағы апта басшылықпен не отбасының үлкендерімен келіспеушілік, пікір қайшылығымен басталуы мүмкін. Сондықтан, үнемі өз-өзіңізді бақылауда ұстап, әр сөзіңіз бен қадамыңызды аңдауға тырысыңыз. Арақатынасты бұзып, ары қарай қызметте не үйде көзге шыққан сүйелдей болып жүргіңіз келмесе, әрине. Өзгелерге назар аударып, мінін теріп, сын айтуға асыққанша, өзіңізге көбірек үңіліңіз.
Аптаның сәтті күндері — сәрсенбі мен жексенбі.
Мерген
Апта бойы қарым-қатынастарыңызды талқылағысы келгендердің арандатуына, мәселені өршіткісі келгендердің құтыртуына ешқандай жауап әрекетін жасамағаныңыз жөн. Мейлі, ол кім болса да. Әсіресе, жақындарыңыз және сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынасты талқыға салмаңыз. Жақын арада ортақ шешімге келіп, тіл табысудың оңтайы тууы екіталай. Сондықтан, сәтін күтіп, әзірге жылы жабуға тырысыңыз.
Ең дұрысы, уақыт пен назарыңызды барынша жұмысқа аударыңыз. Бұл ретте де мүмкіндігінше көмекшілер мен кеңесшілердің жәрдемінсіз, өз бетіңізше әрекет жасаңыз.
Өкінішке орай, бұл аптада жұлдызшылар сіз үшін аса сәтті болатын күнді көрсете алмауда.
Тауешкі
Алдағы аптада қызмет барысында айтарлықтай табысқа кенеліп, жақсы жетістіктермен көзге түсесіз. Сондай-ақ, адамдармен тіл табысу қабілетіңіз де төселе түседі. Дегенмен, есте ұстаңыз — ортақ мақсаттарыңыз болмаса, біреуді серіктестікке көндірем деп көп сөз шығындамаған абзал. Сонымен қатар, жұма күні де жұлдыздар сізге аздап қарсы. Сондықтан, бұл күні қорытынды бағаны өзгелер беретін істерді қолға алмаңыз.
Сәтті күндер қатары — сейсенбі мен сенбі.
Суқұйғыш
Аптаның алғашқы күндері аса жайлы емес, түсініспеушіліктер мен келіспеушіліктер орын алады. Қырағылық танытып, кей жағдайларда өзіңізді тыйып отырмасаңыз, үлкен дау туып кетуі де әбден мүмкін. Салдарынан бойыңызда жағымсыз энергия жиналады. Оларды сыртқа шығарып тастап арыламын дегенде жағдайды одан әрі қиындатып алуыңыз ықтимал. Сондықтан, ең дұрысы — бәрінің алдын алып, қандай жағдай болса да өзіңізді байсалды ұстау, жылы жүз және жылы сөзбен қарулану.
Аптадағы ең жайлы күн — жұма.
Балықтар
Бұл аптада ішкі түйсік пен сезімдеріңізге аса көп сене бермеңіз. Олар көп жағдайда алдамшы болады. Салдарынан жетістікке жеткізетін емес, жеңіліске ұшырататын бұрыс жолға түсіп кетуіңіз бек мүмкін. Өз ой-пікіріңіздің дұрыстығын өзгелерге дәлелдеу де қиындық туғызады. Оған да алдамшы сезімдеріңіз кінәлі. Тек сәрсенбіде ғана жүрек сөзі мен ақыл-парасат пікірін қатар есепке алсаңыз, осы күні бастаған бастамаңыз нәтижелі болмақ.
Сәтті күн — сәрсенбі.
Аударған: А.Бектұрғанова,
ERNUR.KZ