​Апталық жұлдызнама: 19-25 наурыз

0
2 617

Бейсенбіде отбасылық мәселелер бас көтеріп қалуы мүмкін. Оны шешуде де аса белсенділік танытпай, өтпелі кезең деп қараған жөн. Назарыңызды басқа жаққа аударыңыз. Мәселен, достармен кездесіп, уақытты көңілді өткізуге болады.


​Апталық жұлдызнама: 19-25 наурыз

фото: s.dogannet.tv

Тоқты

Бұл аптада сіз үшін тез қол жеткізетін табыс жоққа тән. Мұны алғашқыда түсінбей, дедек қаға жұмыс атқаруыңыз мүмкін, алайда, уақыт пен еңбегіңізді текке жұмсайсыз. Тау қопарар екпініңізді апта басынан-ақ басып, күту бекінісіне мықтап бекініп алғаныңыз жөн. Ешқандай маңызды іс атқармасаңыз да, есесіне жаңа серіктестер табу, кәсібіңізді дамыту жайында кеңінен ойлануға мүмкіндік болады.

Бейсенбіде отбасылық мәселелер бас көтеріп қалуы мүмкін. Оны шешуде де аса белсенділік танытпай, өтпелі кезең деп қараған жөн. Назарыңызды басқа жаққа аударыңыз. Мәселен, достармен кездесіп, уақытты көңілді өткізуге болады.

Торпақ

Осы аптада өзіңізге қатысты әділетсіздіктерге жолығасыз, ол сіздің көңіліңізге тимей қоймайды. Бұл әсіресе, жеке өмірге қатысты. Сүйікті адамыңызбен көптен күткен кездесу не сырласу кешінің сәті түскенмен, оның маңызды шешімдерді сөз етуге әлі дайын еместігі қынжылтады. Мұндай жағдайда бар ынта-зейініңізді жұмысқа аударыңыз, бұл әдіс шынында көмектеседі.

Ал, әділетсіздік қызметіңізге қатысты болса, не әріптестерді, не қызметті ауыстыру жайлы ойланатын кез келді деген сөз.

Аптаның соңын өзіңізге жайлы болатындай етіп өткізіңіз. Өткен күндерде жоғалтқан күш-қуатыңызды толықтыру қажет-ақ.

Егіздер

Бұл белгі аясында дүниеге келгендерді осы аптада мансап баспалдағында да, әлеуметтік дәреже сатыларында да өрлеу күтіп тұр. Апта сіз үшін өте маңызды. Жағдай қалай қалыптасады, алдағы біраз күндеріңіз тура солай өтеді. Амбицияңызды іске қосып, мақсатыңызды нақтылаңыз. Жақындарыңыз тарапынан үлкен қолдауды сезінесіз, бұл жұмысыңызда барынша өнімді іс атқаруға мүмкіндік береді.

Махаббат майданында бейсенбі мен жұма күндері ұсақ-түйек болса да түйткілдер туындайды. Алайда, қатты уайымдаудың қажеті жоқ, апта соңына қарай жағдай сіз үшін оң шешімін табады.

Шаян

Шаян белгісіндегілер өзгелердің талабына сай келіп, сұрағанын берудің орнына, өз қалауы мен тілектерін алдыңға орынға қойғаны жөн. Өзгелердің өкім жүргізуіне жол берген — өзіңіз. Енді қатеңізді де өзіңіз ғана түзетуге тиіссіз. Қоластыңыздағы қызметкерлерге, тіпті, басшылыққа да талап қоя біліңіз, сонда сіздің міндеттеріңіз бен өтеміңіз қайта қаралатын болады.

Арыстан

Өмірі жарқын түстер мен эмоцияларға толы, сан алуан оқиғалар орын алып жататын Арыстандардың ешқашан іші пыспайды. Бұл аптада да. Ең алдымен, өзіңіз сағына күтіп жүрген, көргенде көңіліңізді қуаныш кернейтін жақындарыңыз қонаққа келеді. Сондықтан, қыдырыстарыңызды аздап тежей тұрыңыз.

Жеке өміріңізде айтылмаған әңгіме, шешілмеген мәселе көп. Өйткені, жаныңыз нені және кімді қалайтынын өзіңіз де білмейсіз. Екінші жартыңыздың сызған шекарасы аумағында өмір сүру сізге өте қиын. Мәселелер ағынының тағы бір себебі — осы. Тереңірек ойланып, бір жағына шығаратын шақ келді.

Бикеш

Бұл апта сіз үшін эмоционалдық тұрғыдан қиындық туғызатын күндер. Алаңдау мен күйзелудің негізгі себепшісі отбасыңыздың бір мүшесі болуы мүмкін. Олардың бірі қиындыққа тап болып, сіздің көмегіңізді қажет етуі ықтимал. Ол қызмет орнында ісі алға баспай жатқан күйеуіңіз (әйеліңіз) болуы мүмкін. Оған сіздің моральдық көмегіңіз ауадай қажет болады. Кей Бикештердің бірқатар бас ауыртар мәселесі бала-шағадан келеді.

Қуанышқа орай, апта соңында өз-өзіңізге келіп, өз қызығушылықтарыңызды қанағаттандыруға мүмкіндік болады.

Таразы

Бұл аптада сізге ештеңе оңайлықпен берілмейді, не қаласаңыз да, оған жету үшін аянбай тер төгуге тура келеді. Ақшаны үнемдеу де өткір мәселелердің бірі болғалы тұр. Қанша жерден жағымсыз болса да, бұл жағдаймен күреспей, көндіккеніңіз абзал. Өйткені, бұл да өтпелі.

Жаңа жұмыс не жаңа қызығушылық, сүйікті іс іздеудің уақыты келді. Ал, жеке өмір, сүйіктіңізбен қарым-қатынасты аздап аялдата тұруға тура келеді. Себебі, бұл аптада махаббатқа мойын бұруға уақыт пен шамаңыз болмайды.

Сарышаян

Асылында, Сарышаяндар ел алдында жүргенді ұнатпайды. Алайда, осы аптада көлеңкеден күнгейге шығып, өз мінезіңіз бен қабілетіңізді өзгелерге бір көрсетіп қоюыңыз қажет. Мүлік мәселесіне келгенде де өз құқықтарыңызды мәлімдеп, бірдеңе білетіңізді білдіріп қойыңыз. Қандай да бір ұзақтан созылып келе жатқан мәлесе болса, нүктесін қоюға тырысыңыз.

Апта бойындағы ең сәтті күндеріңіз — бейсенбі мен жұма.

Мерген

Мергендер алдағы аптаны толығымен дерлік әрі қарайғы қадамын жоспарлаумен өткізеді. Арасында отбасыңызда орын алған жауабын таппаған сұрақтар, келіспеушіліктерді тоқтату жайлы да ойлап қойыңыз.

Қызмет барысында бәсекелестер пайда болады, олардың алдын орап кету үшін ең алдымен өз күшіңізге деген сенімділік қажет.

Біршама қиындықтарға жол берген апта жақсы аяқталады: демалыс күндері қонаққа шақырылып, уақытты керемет өткізесіз.

Тауешкі

Махаббат жолында ерлік жасауға дайынсыз. Сүйіктіңіздің ұзақ уақыттан бергі ескертулері мен тілектерінің нәтижесі дейміз бе, әлде көктемнің әсері дейміз бе, әйтеуір, жан-жүрегіңіз бен сезімдеріңіз оянғалы тұр. Сондықтан, бұл аптада жұмыс-жұмыс деп шапқылай бермей, романтикаға көбірек көңіл мен уақыт бөлуге тырысыңыз.

Сіз романтикаға көбірек беріліп кетті екен деп жұмысыңыз тұралап қалмайды, бірқалыпты сарынмен алға баса береді. Бір жобаны аяқтасаңыз, екіншісі дайын тұр.

Апта соңында жақсы бір іс-шараға шақырту алғалы тұрсыз. Көбірек қаржы жұмсауды қажет етсе де, бас тарта көрмеңіз.

Суқұйғыш

Сізбен тіл табысу оңай емес. Мінезіңіздің құбылмалылығы мен қиындығы өзіңізді де шаршатады. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, соңына дейін жетуді үйреніңіз. Ал, үйрене алмасаңыз, бұл аптада маңызды шаруаларды қолға алмағаныңыз абзал. Олай етпеген жағдайда көп нәрсені бүлдіріп, бәрін қайта түзетуге тура келеді.

Жеке қарым-қатынас жағдайына аздап үзіліс жариялай тұрыңыз. Егер, отбасылы болсаңыз, екінші жартыңыздан аздап оқшауланып, көбірек уақытыңызды оңаша өткізуге тырысыңыз.

Балықтар

Балықтар белгісіндегі жандарды түрлі әсерлерге толы апта күтіп тұр. Осы аптада ерекше сезімтал боласыз, эмоцияңызды басқару қиынға түседі. Десе де, эмоция екпіні мен сезім жетегінде кетпеуге барынша күш салыңыз.

Бейсенбіде жағымсыз әңгіме естуіңіз мүмкін. Сондықтан, бұл күні жақын-жуық, дос-таныстарыңызбен әңгіме-дүкенді барынш азайтқаныңыз өзіңізге жақсы.

Ал, жұма күні әріптестер арасындағы түсініспеушілік, тіпті, кикілжің де орын алуы мүмкін. Артық әңгіме мен қажетсіз ұрыс-керісті қаламасаңыз, ақырын жүріп, аңдап басыңыз.