Шымкенттегі ​«Форсаж»: қала көшесінде жарыс ұйымдастырғандар ұсталды

0
99

Екі азамат 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды


Шымкенттегі ​«Форсаж»: қала көшесінде жарыс ұйымдастырғандар ұсталды

Шымкентте түнгі автокөлік жарысы мәремен емес, әкімшілік жауапкершілікпен аяқталды.

Полиция қызметкерлері қала аумағында көше жарысын ұйымдастырудың кезекті әрекетінің жолын кесті. Оқиғаға қатысы бар 2 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Құқық бұзушылардың қатарында Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны Абдилазимов Альакбар және 32 жастағы Әбдіманап Нұрболат бар.
Сот шешімімен екі азамат та 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция ескертеді: автомобиль жолдары — жарыс ұйымдастырып, көліктердің мүмкіндігін сынайтын орын емес. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Жол қозғалысы қағидаларын бұзуға жол берілмейді. Әрбір құқық бұзушылық заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.
Бөлісу