​Ең БҰЗЫҚ балалар қай күндері ДҮНИЕГЕ келеді

0
148

Біреулерінің еркелігі есерлікке, қыңыр-қисықтыққа ұласып жатады


​Ең БҰЗЫҚ балалар қай күндері ДҮНИЕГЕ келеді

Сурет: ЖИ

Әр баланың өзіне тән еркелігі болады. Тек шегі әртүрлі. Біреу аз еркелейді, бірі – көп. Енді біреулерінің еркелігі есерлікке, қыңыр-қисықтыққа ұласып жатады. Не ата-ананың, не ұстаздың, не басқаның сөзі өтпейтін, бәрінің жүйкесін шаршатқандарға «қиын бала» деп ат қойып жатады. Шын мәнінде, бұл – баланың кінәсі емес. Олар әдейі істемейді. Жаратылысы сол. Мұны жақсырақ түсіну үшін баланың жұлдызбелгісіне назар аударыңыз. Астрологтардың пайымдауынша, кейбір зодиак белгілері бала күннен бастап бойұсынбайтын, қырсық мінез танытса, ал басқалары өмір бойы сабырлы күйінде қалады. Ең қыңыр, қырсық, тіл алмайтын балалар мына 5 белгі аясында дүниеге келеді.


БАЛЫҚТАР

Сезімтал әрі қырағы Балықтар өмірдегі кез келген өзгерісті өткір қабылдайды. Сондықтан олардағы жас ерекшелік дағдарыстары әлдеқайда ауыр өтеді. Мұндай балалармен қарым-қатынас, әсіресе, өтпелі кезеңде (пубертаттық кезеңде) қатты шиеленісе түседі. Балықтар әдетте ата-анасына сенуден қалады, өз-өзімен тұйықталып, олардың жүйкесін мұқият тексере бастайды.

Балықтар өзгелердің психологиялық шыдамдылығын сынауды жақсы көретіндігімен белгілі. Жасөспірімдік кезеңінде бұл қасиет тіпті қатты өршиді. Өйткені олар өз эмоцияларын қалай басқару керек екенін әлі түсінбейді. Сондықтан Балықтарды тәрбиелеу оңай болмайтынын алдын ала ескеріп, дайын болып, барынша сабырлылық таныту керек.


ТОҚТЫ

Астрологтардың пікірінше, егер мінездің ауырлығы бойынша жарыс өткізілсе, Тоқтылар сөзсіз бірінші орын алар еді. Олар өте импульсивті, ренжігіш, ашуланшақ, кейде тым тікмінез келеді.

Бұл белгі кез келген жаста өзінің қызбалығымен ерекшеленеді. Тіпті кішкентай Тоқтының өзі кез келген ортада еш саспастан үлкен жанжал шығарып, ауқымды истерика ұйымдастыра алады. Бұл қасиет, әсіресе, бірдеңе баланың жоспарымен жүрмей қалғанда немесе біреу оның пікірімен келіспеген жағдайда ерекше айқын көрінеді.


ТОРПАҚ

Бұл белгі өкілдерінің өмірлік ұстанымы – «Көздегеніме жетпей қоймаймын!». Олар өз дегеніне жету үшін барлық кедергіні бұзып-жарып өтуге бар. Алдында қандай үлкен кедергі тұрса да, оны қиындық деп санамайды, алған бетінен қайтпайды. Соңына дейін қасарысуға дайын.

Ата-анамен қарым-қатынаста Торпақ балалар өте қырсық болады. Оларды өзі қаламайтын нәрсені істеуге мәжбүрлеп көндіру мүмкін емес сияқты.


МЕРГЕН

Мерген, бір қарағанда, зодиак белгілерінің ішіндегі ең сабырлыларының бірі сияқты көрінеді. Алайда, бұл белгідегі балалар табиғатынан зерек әрі білуге құмар, бір орнында отыра алмайды. Назарын қандай да бір нәрседе 5 минуттан артық ұстап тұра алмайды. Олар ата-анасынан үнемі жаңа ермек тауып беруді талап етеді. Сәл ғана көңіл бөлінбей қалса, үйдегі біраз нәрсенің астаң-кестеңін шығаруы мүмкін.


САРЫШАЯН

Сарышаяндар – жасырынудың нағыз шеберлері. Онсыз да сыр білдірмейтін, тұйықтыққа бейім келетін жасөспірімдердің мінезі жұлдызбелгісіне сай ерекшеліктерімен ұштасқанда, үлкендер үшін нағыз жұмбаққа айналады. Дегенмен бұл жұмбақты күштеп шешуге тырысудың мүлдем қажеті жоқ. Шаян өзінің жеке шекарасы үшін ешкімге дес бермей күреседі.

Сонымен қатар, бәрін ішінде сақтайтын бұл белгідегі балалар кекшілдікке бейім келеді. Жақындарына деген өкпе-ренішті ұзақ уақыт бойы іште бүгіп жүре алады. Сондықтан ең тиімді стратегия – жай ғана өз жөніне қалдыру. Уақыт өте келе жағымсыз қасиеттері бәсеңдеп, орнын суық ақыл мен парасаттылық басады.

Баланың қырсықтығы мен бұзықтығы – сізге қарсы жасалған қадам емес, өзін ересектер әлеміне танытуы және ішкі сезімдерін білдіруі. Жаратылыс қандай мінез сыйласа да, бала тәрбиесіндегі ең басты кілт – түсіністік пен шексіз махаббат. Кішкентай жүректің қыңырлығына сабырмен қарап, оны бар болмысымен, барлық кемшілігімен толықтай қабылдай білу маңызды. Тек шынайы қабылдау мен қолдау ғана кез келген «қиын» баланы болашақта өз жолын табатын сенімді тұлға етіп шыңдай алады.

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ТАҢҒЫ АБЫР-САБЫР: Кімнің күні қалай басталады?