​ЕНЕҢІЗ бен ЕРІҢІЗДІҢ тілін тапқыңыз келсе, жұлдызбелгісін біліңіз

0
1 037


​ЕНЕҢІЗ бен ЕРІҢІЗДІҢ тілін тапқыңыз келсе, жұлдызбелгісін біліңіз

«Ат кісінескенше, адам түсініскенше». Түсінісе білсең, кімнің болмасын тілін тауып, онымен өте жақсы қарым-қатынас құра аласың. Өзің үшін маңызды адамдармен жақсы мәсіледе болу көп жүкті жеңілдетеді. Өміріңді жақсартады. Әсіресе, екінші жартыңның, ата-енеңнің, бастығыңнің, әріптестеріңнің тілін тауып, түсінісе білу өте маңызды. Қай кісінің болмасын жұлдыз белгісін білсеңіз, көңілінің кілтін табу оңай.


ТОҚТЫ

Оның жиі болып қала беретін агрессиясына көз жұмып қарауды үйреніңіз. Сабыр сақтаңыз. Қаншалықты тез басталса, соншалықты жылдам басылады. Артынша ұмытып кетеді. Сіз де есте сақтамаңыз.


ТОРПАҚ

Өзіңізді дамытыңыз. Білім алыңыз. Жан-жақты болыңыз. Түрлі тақырыптарда қысылмай сөз қозғайтын, ойыңызды еркін жеткізетін, қызықтыра білетін тұлға болсаңыз, кел келген Торпақтың алдында сыйлысыз.


ЕГІЗДЕР

Егіздердің ең жек көретіні – уайымшыл, жылауық, қыңқылдақ, арыз-шағымшылдар. Ондай болмаңыз. Көңілді жүріңіз. Барлық нәрсенің жақсы жағын көруге тырысыңыз. Нені болмасын ашық қабақпен қарсы алып, күліп шығарып салыңыз. Бұл Егіздермен арақатынасыңыз үшін ғана емес, өзіңіз үшін де өте жақсы.


ШАЯН

Мақтаншақтық көкірегіңізді қанша кернеп тұрса да, Шаяндардың жанында өзіңізді мақтамай-ақ қойыңыз. Көкірек көтеру, тәкәппарлану сынды қасиеттерді мүлде ұнатпайды, ондайларды алыстан сезеді, алыстан сыйласады. Жақын болғыңыз келсе, мұндай жаман қылықтарға жол бермеңіз.


АРЫСТАН

Оның кез келген идеясын қолдауға дайын болыңыз. «Кеттік» десе, ере беріңіз. Сонда ғана Арыстанға өмірлік жолсерік, жақын қарым-қатынастағы адам боласыз.


БИКЕШ

Бикештермен бір толқында болу үшін жақсы әзілдей алуыңыз және оның әзілін көтере алуыңыз керек. Сонымен қатар, сөз бен іске берік, уақытылы жүріп-тұратын, жауапкершілігі мол жан болсаңыз, жоғары бағалайды.

ТАРАЗЫ

Оларға көбірек уақыт бөліңіз. Көбіне өзгелердің өзіне көңіл бөлуіне мұқтаж. Бірге қыдыру, сый ұсыну, шаруасына көмектесі немесе жай ғана әңгіме айтып жанында отырудың өзін қуанышпен қабылдайды.


САРЫШАЯН

Сарышаянның көңілін тапқыңыз келсе, сөзге сараң болмаңыз. Аямай мақтаңыз. Ашық жағымпаздану болып көрінсе де, сөзіңіз бен ойыңыз жеткенше мақтап-мадақтай берсеңіз, сізге деген көңілі де оң болады.


МЕРГЕН

Құрдасы, сырласы, мұңдасы болыңыз. Сеніп айтқан сырын сыртқа шашпаңыз. Сырға берік, құпияға құрсаулы екеніңізге көзі жетсе, ол үшін құнды досқа айналасыз.


ТАУЕШКІ

Тауешкілер шынайылықты, ашықтықты жақсы көреді. Олардың жанында өзіңізді болмысыңызға сай ұстауға әбден болады. Кемшілігіңізден қысылмаңыз, жамандығыңызды жасырмаңыз. Артықшылығыңызды да барынша ашық көрсете беріңіз. Дәл сол қалпыңызда қабылдайтынына күмәніңіз болмасын.


СУҚҰЙҒЫШ

Бірбеткейлік танытып, бір буыннан қайта-қайта ұра берсеңіз, Суқұйғышпен сыйластығыңызды жоғалтып аласыз. Тым жақын болуға, көбірек бірге болуға да тырыспаңыз. Бірдеңені күштеп таңу, тықпалауды жек көреді, ондайлардан басын ала қашады. Еркін, ешқандай міндеттеусіз, қалауына қарай жанынан табылыңыз. Қаламай тұрса, еш ренішсіз ұзақтап кетіп, сырттай ғана тілеулесі болыңыз.


БАЛЫҚТАР

Олар үшін өмірдің мәні – адамдардың бір-біріне деген қамқорлығында, көмегінде. Сондықтан, Балықтармен байланысым жақсы болсын десеңіз, көмек сұраса, қолын қақпаңыз. Өз жәрдемін ұсынса, бас тартпаңыз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Сөзіңіз бен ісіңіз сай келе ме?