​Қай мезгілде тусаңыз, мінезіңіз соған сай болады

0
2 292

Өзіңіз жайлы бірер қызықты ақпаратқа назар аударыңыз.


​Қай мезгілде тусаңыз, мінезіңіз соған сай болады

Жылдың қай мезгілінде дүниеге келдіңіз? Соған сәйкес өзіңіз жайлы бірер қызықты ақпаратқа назар аударыңыз.

ҚЫСТА ТУҒАНДАР:

  • Өзінің туған күнін аса жақсы көрмейді;
  • Махаббатқа құштар, сөйте тұра үлкен сезімді бастан кешуге қорқады;
  • Ішкі әлемі қарама-қайшылыққа толы, бұл сыртқа айқын байқалады;
  • Күрделі мәселе туғанда өзін қол-аяғы байлаулы адамдай дәрменсіз сезінеді, өйткені көбіне жағдайды жақсарту үшін не істеуге болатынын білмейді;
  • Мұқтаж жанға көмек қолын созуға әрдайым әзір, әйткенмен, уақыт пен энергиясын неге басқалар үшін сарп ете беретінін өзі түсінбейді;
  • Табиғатынан интроверт, алайда қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін түсінгендіктен, үнемі адамдармен араласуға талпынады.


КӨКТЕМДЕ ӨМІРГЕ КЕЛГЕНДЕР:

  • Есте сақтау қабілеті жақсы, әр жағдайдың қашан және қалай болғанын жатқа айтып отырады;
    • Көп жағдайда өзін бір орында тұрғандай не тұйықталған жолда айналып жүргендей сезінеді;
    • Еркін, шығармашылықпен байланысты іспен айналысады, жабық кеңседе отыру, жұмыс кестесі туралы ойлаудың өзінен шошиды;
    • Сұрақтар қойып, соған жауап алғанды, іздегенді жақсы көреді;
    • Басқалардың өзін ерекше, маңызды, керекті, пайдалы сезінуіне оп-оңай жағдай жасайды;
    • Среиал көргенді жаны сүйеді, әртістердің шығармашылығы мен жеке өмірі жайлы көп нәрсе біледі.

  • ДҮНИЕ ЕСІГІН ЖАЗДА АШҚАНДАР:

  • Басқалардың көңіл-күйі, өзгерістері сіз үшін маңызды, өйткені, ол сізге де әсер етеді;
    • Сәннен хабарыңыз бар, эстетикалық талғамыңыз биік;
    • Өтірік айтқанды суқаныңыз сүймейді, «Тәтті өтіріктен, ащы шындық артық» деген ұстанымдасыз;
    • Өзіңіз сенген нәрсе үшін соңына дейін күресесіз;
    • Бірбеткейсіз, бірақ орны мен шегін, жөнін білесіз.

  • КҮЗДІҢ ТУМАЛАРЫ:

    • Қанша мойындағыңыз келмесе де, сіз өзгелердің пікіріне тәуелдісіз;
    • Әуенді жақсы сезінесіз, меломансыз, жақсы ырғақ пен нашар ыңылдауды ажырата аласыз;
    • Бет-жүзіңіздің мінсіз болғанын қалайсыз, пайда болған әрбір бөртпе, безеу, дақтармен күресіп, жеңей тынбайсыз;
    • Ақшаны жақсы басқарасыз, қарыз, несие алғанды құптамайсыз, ақша жинай аласыз;
    • Әркімді ұната бермейсіз. Біреуді сүйсеңіз, құлай берілесіз.

    Аударған: А.Мейірханқызы,

    ERNUR.KZ

    ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

    СЫЙЛЫҚ саныңызды білсеңіз, бойыңыздағы ТАЛАНТТЫ ТАНУ қиын емес