​НУМЕРОЛОГИЯ: Қандай адамдардың сеніміне кіру қиын?

0
166

Әр адамның адалдыққа, сенімге және қарым-қатынасқа деген көзқарасы әртүрлі


​НУМЕРОЛОГИЯ: Қандай адамдардың сеніміне кіру қиын?

Сурет: ЖИ

Неліктен кейбір адамдардың сеніміне кіру қиын? Кейбір адамдар не болса соден күмәнданып, секімшіл келеді. Енді біреулер шындық пен өтіріктің аражігін бірден байқап қояды. Әр адамның адалдыққа, сенімге және қарым-қатынасқа деген көзқарасы әртүрлі. Бірі сөзге сенсе, енді бірі тек әрекетке қарайды. Сөзден ғана емес, адамның көзқарасынан, қимылынан немесе мінез-құлқындағы ұсақ өзгерістерден-ақ. Мұны біреулер өмірлік тәжірибемен байланыстырса, енді бірі интуицияның күші деп түсіндіреді.


Ал нумерологияда бұл туған күннің энергетикалық ерекшелігі деген пікір бар. Туған күн бойынша қай топқа жататынын қарап, адамдардың шындық таразысының қаншалықты дұрыс көрсететінін біліңіз.


1-топ: 1, 7, 10, 16, 19, 25, 28 – өтірікті бірден сезетін адамдар

Бұл күндері туған адамдардың байқағыштығы ерекше. Олар көп сөйлеп, өз ойын әрдайым ашық білдіре бермеуі мүмкін. Бірақ айналасында болып жатқан барлық өзгерісті үнсіз бақылап жүреді.

Егер біреудің сөзі мен ісі қабыспай тұрғанын байқаса, бірден сезеді. Сондықтан оларды алдап кету оңай емес. Бұл адамдар үшін сенім өте қымбат ұғым. Бір рет көңілі қалып, сеніміне селкеу түссе, бұрынғыдай жақын араласуы қиын. Кешірім беруі мүмкін, бірақ бұрынғы сенімді қайта қалпына келтіру оңайға соқпайды.


2-топ: 3, 5, 9, 12, 15, 20, 23, 27 – адамды сөзіне емес, ісіне қарап бағалайды

Бұл топтағы жандар адамның әдемі сөздеріне оңай сене қоймайды. Олар үшін ең басты өлшем – әрекет. Уәде берген адамның оны орындағанына, қиын сәтте жанынан табылғанына көбірек мән береді.

Қызығы, олар ренжігенін бірден білдіре бермейді. Көп жағдайда үнсіз қалады. Алайда айтылған әр сөзді, болған әр оқиғаны жақсы есте сақтайды. Егер біреу бірнеше рет өтірік айтып немесе сеніміне қиянат жасаса, мұндай адамды бір ауыз сөзсіз өмірінен алыстатып жібереді. Олар үшін түсіндіріп ілек болғаннан, тыныштық маңыздырақ.


3-топ: 2, 6, 8, 13, 17, 22, 26, 30 – адалдықты бәрінен жоғары қоятындар

Бұл күндері дүниеге келген адамдар сенімге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Олар өздері де өтірік айтпауға тырысады және айналасындағы адамдардан дәл сондай шынайылық күтеді.

Егер біреу оларды алдаса, көңілі қатты қалады. Себебі олар үшін мәселе өтіріктің өзінде емес, жоғалған сенімде. Мұндай адамдардың құрметіне ие болудың ең дұрыс жолы – ашық сөйлесу және ештеңені жасырмау.


4-топ: 4, 11, 14, 18, 21, 24, 29, 31 – интуициясы мықты жандар

Бұл топтың басты ерекшелігі – ішкі түйсігінің күшті болуы. Олар кейде нақты дәлел болмаса да, бір нәрсенің дұрыс емес екенін алдын ала сезіп қояды.

Сырт көзге ештеңе байқатпауы мүмкін. Тіпті күмәнданғанын да білдірмейді. Бірақ уақыт өте келе олардың күдігі рас болып шығатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай адамдардың өмірлік ұстанымы қарапайым: ақиқат ерте ме, кеш пе, міндетті түрде ашылады. Сондықтан олар өтірікпен ұзақ өмір сүру мүмкін емес деп есептейді.

Қай топқа жатсаңыз да, барлық сипаттаманы бір нәрсе біріктіреді – сенімнің маңыздылығы. Біреулер жалғандықты логика арқылы аңғарса, енді біреулер оны интуициясымен сезеді. Ал кейбірі адамның әрекетіне қарап қорытынды жасайды. Бұл абсолютті шындық болмауы мүмкін, алайда өзін-өзі тануға және адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Ең берік достық та, мықты отбасы да, ұзақ жылдарға созылатын серіктестік те ең алдымен адалдыққа сүйенеді. Сондықтан кез келген қарым-қатынаста шынайылық пен сенімді сақтау – ең дұрыс таңдау.

Төре СЕЙІТХАН,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Жұбыңыз қаншалықты қызғаншақ?