Егер бұл әйелдер жағымсыз, қорқынышты нәрселерді ойласа, ол да тез орындалып кетуі мүмкін
Сурет: ЖИ
Кейде «Неге менің арманым орындалмай-ақ қойды, осы біреулердің ойлағаны бола қалады ғой» деп кейиміз. Нумерология ғылымы мұны туған күніңіздің энергиясымен байланыстырады.
Сіздің туған күніңіз – жай ғана күнтізбедегі сан емес, бұл – ғаламмен байланыс орнататын жеке код. Бүгін әйелдердің арман-тілектерді жүзеге асыру қабілетін туған күніне қарай талдап, кімдердің энергиясы магниттей күшті екенін анықтаймыз. Тізімнен өз туған күніңізді табыңыз!
3-ОРЫН: «Ағынмен жүрудің шеберлері»
Туған күндері: 3, 5, 10, 12, 19, 23, 28, 30
Бұл топтағы әйелдер тумысынан аналитикалық ақыл-ой мен асқан жауапкершілік иелері. Олардың басты қателігі бәрін алдын ала жоспарлап, бақылауда ұстауға тырысуында.
Тілектің орындалу құпиясы: Бұл әйелдер бақылауды, артық уайымды және бәрін тек суық ақылмен шешуге деген әдетін қоя білген кезде, өмірлерінде нағыз ғажайыптар орын ала бастайды. Логиканы бір сәтке шетке ысырып, жүрекке орын бергенде, армандары өздігінен орындала бастағандай әсер қалдырады.
Қосымша кеңес: Сәттілік коды іске қосылуы үшін «Кеңістікке сену» формуласын қолдану керек. Тілегіңізді ойлаңыз да, оның қайдан, қалай келетінін есептеместен, Ғаламның еркіне қалдырыңыз. Ағынмен жүруді үйренсеңіз, қалаған нәрсеңіз күтпеген, тіпті сіз ойламаған ең керемет жолдармен жүзеге асады.
2-ОРЫН: «Интуиция патшайымдары»
Туған күндері: 2, 6, 9, 13, 14, 16, 21, 24, 27
Бұл күндері туған әйелдердің ішкі түйсігі өте жоғары дамыған. Олар алтыншы сезімнің көмегімен қауіпті де, бақытты да алдын ала сезе алады. Алайда, айналасындағы адамдардың пікіріне құлақ түріп, өздерінің ішкі дауысын тұншықтырып жатады.
Тілектің орындалу құпиясы: Бұл әйелдер үшін ең маңыздысы – ішкі дауысын тыңдау. Басқалардың «бұл мүмкін емес», «орындалмайтын арман» деген сөздеріне тәуелді болмай, жүрегінің айтқанына сенген кезде, өмір оларға қажетті адамдарды, мүмкіндіктерді және қолайлы жағдайларды өзі жетектеп әкеледі. Интуициясына толық сенген сайын, тілектері де ең қысқа әрі ең жақсы жолмен орындала бастайды.
Қосымша кеңес: Сіздің энергияңыз медитация, табиғат аясында демалу және тыныштық сәттерінде артады. Жүрегіңіз «иә» деп тұрса, еш күмәнданбаңыз, сол бағыт сізді арманыңызға жеткізеді.
1-ОРЫН: «Магнит-әйелдер»
Туған күндері: 1, 4, 7, 8, 11, 15, 17, 18, 20, 22, 25, 26, 29, 31
Бұл әйелдер – Ғаламның еркелері. Олардың ойлау қуаты мен материалдану (ойдың шындыққа айналу) жылдамдығы өте жоғары. Нумерологияда бұл сандардың иелерін «жаратушылар» деп те атайды.
Тілектің орындалу құпиясы: Бұл әйелдердің ойлағанын шындыққа айналдыру қабілеті өте күшті. Олар шын жүректен бір нәрсені қаласа және оның болатынына іштей титтей де күмән келтірмей сенсе, қалағаны өмірлеріне өздігінен тартыла бастайды. Олардың энергиясы нағыз магнит сияқты жұмыс істейді. Арманын қаншалықты анық, нақты елестетсе, оның жүзеге асуы соншалықты жылдам болады.
Маңызды ескерту: Бұл күштің екінші жағы бар. Ойдың жылдам орындалатыны сондай, егер бұл әйелдер жағымсыз, қорқынышты нәрселерді ойласа, ол да тез орындалып кетуі мүмкін. Сондықтан, ой тазалығы мен позитивті көзқарас сіздің басты қаруыңыз.
Әйел заты – табиғатынан жаратылыстың ең жұмбақ әрі қуатты бөлшегі. Туған күніңіз қай топқа жатса да, барлық әйел затына ортақ бір алтын заңдылық бар. Ең бастысы, бәрін қатаң бақылауға тырыспау, оқиғаларды күштеп жылжытпау және өмірдің өзіне ең жақсы жолды таңдауға мүмкіндік беру.
Тілек – бұл Ғаламға жіберілген хат сияқты. Хатты жібергеннен кейін пошташының артынан жүгіріп, «Қашан жетеді?» деп мазасын алмаймыз ғой, жай ғана күтеміз. Дәл солай, арманыңызды ішкі сенімділікпен босатыңыз. Сонда тілектеріңіз табиғи, жеңіл әрі көркем түрде, сіз күтпеген сәтте орындала бастайды.
Ханбибі ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


