Сурет: potokmedia.ru
Әр жұлдыз белгісіне жататын ер адамның қандай әке болатыны, оның әкелік сезімі мен жауапкершілігі туралы астрологиялық сипаттама арқылы біле аламыз. Бұл – ер адамның табиғи мінезі мен бала тәрбиесіне көзқарасына негізделген.
ТОҚТЫ
Әке ретінде қайратты, белсенді тұлғаның үлгісі. Ойынға құмар. Баламен бірге ойнап, жарыс ұйымдастырып, оны жеңіске үйретеді. Сезімдерін ашық көрсетеді. Баланы батыл әрі еркін етіп тәрбиелеуге тырысады. Бірақ кейде кішкентайлардың еркелігін көтере алмай, шыдамсыздық танытуы мүмкін.
ТОРПАҚ
Әке ретінде – төзімді, тұрақты, қамқор тұлға. Қаржылық қауіпсіздік пен жайлы өмірге мән береді. Сезімдерін көбіне ішінде сақтайды, шығарғысы келмейді, бірақ шынайы. Балаларының материалдық жағдайы мен болашағын бірінші орынға қояды. Еңбекқор болуға баулиды.
ЕГІЗДЕР
Әңгімешіл, ойын-сауыққа жақын, дос әке. Көп жағдайларды жеңіл қабылдайды, кейде мұнысы салғырттыққа ұласуы мүмкін. Баламен еркін сөйлеседі, бірақ бұл тәртіп жағын әлсіретуі мүмкін. Ақыл-ой дамуын бірінші орынға қойып, сол бағытта біраз еңбегін сіңіреді.
ШАЯН
Әке ретінде – мейірімді, үйге жақын, қорғаушы. Перзенттеріне деген сезімі өте терең. Бала үшін бәріне дайын. Бірінші кезекте балаларының эмоциялық әл-ауқатына мән береді, отбасылық дәстүр мен жылылықты сақтауға барын салады.
АРЫСТАН
Көшбасшы, мақтан тұтатын әке. Бала оның жалғасы деп біледі. Сезім білдіруге келгенде ашық, мақтауды ұнатады. Баланы сенімді, батыл етіп тәрбиелеуге тырысады. Кейде талапшыл. Достарының ортасындағы абырой-беделінің биік болуына мән береді.
БИКЕШ
Әке ретінде – ұқыпты, тәртіп үйретуші жан. Эмоцияны аз білдіреді. Сезімдерін көбіне іспен көрсетеді. «Балаға білім беру, дұрыс тәрбие мен тазалықты үйрету – басты міндетім» деп біледі.
ТАРАЗЫ
Теңдік пен әділдік ұстанатын, саулық пен дене сымбатын сақтауға, талғамға баулитын әке. Балаларға өте жұмсақ. Ұрмай, ұрыспай, әр баланың тілін таба отырып тәрбиелеуге ұмтылады. Балаға адамдармен жақсы қарым-қатынас құруды, мәдениеттілік пен сұлулықты үйретеді.
САРЫШАЯН
Жанұясына терең сезіммен қарайды. Буірақ оларға «менікі» деп қарайды, иелік ету сезімі басым. Бала үшін барын беруге дайын, бірақ эмоциясын бақылауда ұстайды. Балаларына адалдық, табандылық пен өмірдің шынайы жақтарын үйретеді.
МЕРГЕН
Әке ретінде – еркін, көңілді, шабыт беруші. Баланы кең ойлауға, білім мен көңіл көкжиегін үнемі кеңейту үстінде болуға үйретеді. Сезімдерін ашық көрсете алады, бірақ кейде өздігінен жабылып қалуы, кейде үстірт болуы мүмкін. Балаға рухани еркіндік, ізденіс пен қызығушылық дәнін егуді міндеті деп таниды.
ТАУЕШКІ
Әке ретінде жауапты, талапшыл, тәртіпті ұстанады. Ішкі сезімі терең, бірақ оны срытқа шығармайтындардың қатарында. Сырттай суық, қатал, тіпті кейде мейірімсіз боп көрінуі мүмкін. Баланы еңбекке, мақсатқа, табандылыққа тәрбиелеген жөн, басқасын есейе келе өзі үйреніп алады деп санайды.
СУҚҰЙҒЫШ
Ерекше, жаңашыл ойлайтын, еркіндікке бейім әке. Сезімі суық көрінуі мүмкін, бірақ ішінде жылу, шынайылық жоқ емес. Баланы өз бетінше ойлауға, еркін болуға және жаңашыл болуға бағыттайды.
БАЛЫҚТАР
Рухани бай, нәзік, түсінігі мол әке. Өте сезімтал, балаға ерекше махаббатпен қарайды.
Балаларының бойына мейірімділік, жанашырлық, шығармашылықты дарытуға күш салады.
Аударған: А. Керім,