Бұл жұлдызнама адамдарға бір-бірін көбірек білуге ғана емес, өздері жайлы танымын арттыруға да көмектеседі.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Әр адамның оң және теріс немесе жақсы және жаман қасиеттері болады. Оны біреуі білсе, екіншілері білмеуі мүмкін. Сондықтан, осы жұлдызнаманы өзіміз жайлы білуге көмектесер деген мақсатпен ұсынамыз. Кім қандай адам?
Ең қыңыр белгілер
Астрологтар бұл топқа Бикеш, Шаян және Суқұйғыштарды жатқызады. Мысалы, Бикештер бір жетістікке жететініне сенімді болған жағдайда қыңырланады екен. Сондай-ақ, Шаяндар керісінше қиын жағдайға тап болған кезде қырсықтығы ояна бастайды. Ал, Суқұйғыштардың көбісі әрдайым түрлі эмоцияларды жақсы көретіндіктен, достарының арасында әдейі қыңырлана сөйлейді екен. Дегенмен, бұл белгілердің іс-әрекетін дұрыс жағынан қабылдаған тиімдірек болады.
Романтиктер – Таразы, Торпақ, Шаян
Таразылар қызыл-жасыл шамдармен көмкерілген, тыныштықтағы кешкі аспен өтетін романтикаға құмар. Ал, Торпақтар романтикаға сәл басқаша қарайды. Яғни, оларға тас-түйін тәртіп, хан сарайындағыдай жағдай, үйлесім мен тұрақтылық қажет. Шаяндар болса, отбасылық өмірдің барлық жағдайында да романтик. Олар сүйікті адамын қасынан тастамайды және адалдығына кір түсірмейді.
Өте күшті адамдар
Тоқты, Арыстан және Тауешкілер қоғамда жоғары бағаланады. Жеке-жеке тоқталсақ:
Тоқтылар – мақсатына жету үшін бойындағы барлық әлсіздікті ысырып тастай алатын батыл адамдар;
Арыстандар – барлық жерде көш бастай алады және кезіккен қиындықтарды қиналып болса да жеңіп шығуға күші жеткілікті болады;
Тауешкілер – алдына нақты мақсат қоя алады және сол мұратына жету жолынан тайқып кетпейді. Сонымен қатар, көбіне жақсы нәтижеге қол жеткізеді.
Мейірімділер
Астрологтар өте мейірімді жандардың қатарына Мерген, Балықтар және Егіздер белгісіндегілерді жатқызады. Өйткені Мергендер жомарт, кейде тіпті соңғы нәрсесін беруге дайын, құрметтей білетін адамдар. Ал, Балықтар мен Егіздер айналасына қуаныш сыйлап, көмектесіп жүреді. Сондай-ақ, жасаған жақсылығына қайтарым күтпейді.
Ең талапшылдар
Тауешкі, Суқұйғыш және Бикеш –жұлдызнаманың ең талапшыл белгілері.
Тауешкілер – айқын мақсат қояды және айналасындағылардан жауапкершілікті қатаң талап етеді. Сондай-ақ, қандай да бір мәселені шешу үшін қойылған сұрақтарына нақты және анық жауап күтеді;
Суқұйғыштар – өз талаптарын қыңырлана жеткізеді және өмір сүру үшін өзіне де, өзгеге де талап қоя біледі;
Ал, Бикештер өз талаптарын негізінен тұрмыс және жұмыс мәселелерінде танытады. Үйдегі тәртіп, тазалық пен ұқыптылық сақталғанын қатты ұнатады. Жұмыста да солай...
Көңілі ашық-жарқын жандар
Адамдармен танысуды, сөйлесуді және олармен жақсы қарым-қатынас жасауды Егіздер, Мергендер мен Торпақтар қатырады. Егер, осы белгідегі достарыңызбен сөйлессеңіз ішіңіз пыспайтыны анық. Айта кетейік, бұл адамдардың өзгелерге зияны көп тие бермейді.
Ең батыл белгілер – Тоқты, Арыстан, Сарышаян
Ең күшті, ең батыл Тоқтылар мен Арыстандар табиғатынан көшбасшылық қабілетке ие. Иә, олар алынбас қамал сияқты, мақсатына жету үшін әрқашан тәуекелге бара алады және өзі мен жанындағы серіктестеріне не қажет екенін, не істеу керек екенін біледі.
Ал, Сарышаяндардың батылдығы ешнәрседен қорықпайтындығынан байқалады. Мысалы, олар үшін арқанмен жүру оп-оңай болуы мүмкін.
Дайындаған: Б.Ерман,
Тағы оқыңыз:
Жеке өмірде жолыңыз неге болмай жүр?Айналысатын спорт түрін жұлдызнама белгісі бойынша анықтаңыз