Айналысатын спорт түрін жұлдызнама белгісі бойынша анықтаңыз

0
2 435

Кез келген адам спорттың кейбір түрлеріне ғана қатты қызығады және басқаларына икемі бола бермейді. Оған жұлдызнамалық белгі де әсер етеді екен. Кім қандай спорт түріне бейім, оны бірге оқиық.


Айналысатын спорт түрін жұлдызнама белгісі бойынша анықтаңыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Тоқты

Тоқтылар – туабітті спортшылар. Олар өте белсенді, батыл болады және жекпе-жек, командалық спорт түрлеріне (баскетбол, волейбол, футбол), конькимен жүгіру, спринттік жүгіріс, жеңіл атлетиканың барлық түрлеріне, шана спортына қызығады.

Сондай-ақ, басы мен мұрнынан көп жарақат алатындықтан, бокс және хоккеймен айналыспағаны абзал.


Торпақ

Бұл жұлдызнама белгісіндегілер физикалық белсенділіктен гөрі, логикалық ойындарға бейім болады. Сонымен қатар, гимнастика, мұзда сырғанау, синхронды жүзу секілді спортпен айналысып, жетістікке жетуі мүмкін.


Егіздер

Ал, егіздер епті және жылдам адамдар. Олардың көбісі үстел теннисі, спорттық гимнастика, семсерлесу, велосипед спорты мен спорттық бағдарлауға икемді. Сондай-ақ, ептілігі мен ойлау қабілеті шахматта көмектесе алады.


Шаян

Шаяндар, әдетте спортқа сүйіспеншілікпен қарамайды. Өйткені, олар – жаратылысынан өте сезімтал, сұлулықты сүйетіндер. Дегенмен, олар көркем гимнастика немесе жүзу сияқты спорт түрлерінде табысты болуы мүмкін.


Арыстан

Арыстандар әрқашан даңққа ұмтылады, ал олардың қарсыласын моральдық тұрғыдан жеңуіне ішкі күштері көмектеседі. Сондықтан, олар жекпе-жек түрлерімен айналысқаны дұрыс. Ал, кейбіреулеріне мәнерлеп сырғанау, гимнастика, шаңғы және гольф сияқты спорт түрлері сай келеді.


Бикеш

Бұл белгі өкілдерінің ең жақсы қасиеттері – ұқыптылық, еңбексүйгіштік және орындаушылық. Сол себепті, олардың жаратылысы мәнерлеп сырғанау, гимнастика, суға секіру, ату секілді спорт түрлеріне жақын болады.


Таразы

Таразылардың табиғаты өте нәзік. Олар барлық жерден үйлесім іздейді және мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, би, синхронды жүзу спорттарына икемді. Сондай-ақ, ат спорты, су спорты, тау шаңғысы мен командалық спорт түрлерінде өздерін көрсете алады.


Сарышаян

Ал, сарышаяндар – бір нәрсеге бар күшін сарқуға, тәуекел жасауға дайын адамдар. Сондықтан, оларға ауыр атлетика, күрес, бокс, хоккей, футбол секілді көп күш қолданылатын спорт түрлері сай келеді.


Мерген

Мергендер, әдетте бойы ұзын, аяқ-қолы қуатты болып келеді. Оларға волейбол, баскетбол, туризм, атқа міну, велосипед және шана спортын таңдау керек.


Тауешкі

Бұл белгі өкілдері мінезінің ауырлығымен ерекшеленеді және сол бірбеткейлігінің арқасында баскетбол, ауыр атлетика және марафон сияқты спорт түрлерімен айналысып, жетістікке жете алады.


Суқұйғыш

Суқұйғыштар – әрқашан жаңалыққа құмар және қозғалысы жылдам адамдар. Олар үшін жеңіл атлетика өте ыңғайлы. Сонымен қатар, трамплиннен секіру, альпинизм, парашютпен секіру құмарын қандырады.


Балықтар

Табиғаты нәзік балықтар жүзу, мәнерлеп сырғанау, гольф, керлинг ойындарында өздерін көрсете алады және су спортына өте қатты қызығады. Сонымен қатар, кейбіреулері көрермені көп футболға бейім болып келеді.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жеке өмірде жолыңыз неге болмай жүр?

Бау-бақшаны баптау кімдердің қолынан келеді - жұлдызды жорамал